Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалада жабдықталған 3 жағалау бар

c 17:05, 08/06/2021 c 651

Орал қаласында суға шомылу науқаны басталды. Күннің аптап ыстығында салқын суға шомылып, таза ауада демалатындардың саны артады. Су жағасында сауық құрып, ішімдік ұрттап, баласын көзден таса қылатын жайттардың соңы қайғылы оқиғамен аяқталады. Биыл Орал қаласында 3 адамның өлімі судан келген. Марқұмдардың біреуі кәмелет жасына толмаған бала.

Азаматтардың көбі арнайы жабдықталмаған жағалауларда суға шомылуға әуес. Ешкімге ақы төлеп, қалтаңды жұқартпайсың. Десек те, бұл жерлерде қауіп аз емес. Қауіп-қатердің соңы қайғылы оқиғамен аяқталады. Мысалы, биыл суға түсу маусымы басталар-басталмастан 3 адам суға кетіп, қайтыс болды.

Жабдықталған жағалаулар тиісті ережелерді қатаң ұстанулары шарт. Әзірге қала аумағында тек 3 жекеменшік жағалау осы ережелерді сақтап, жұмыс істейді.

Орал қаласында бірнеше жағалауды кәсіпкерлер аббаттандырып, жұмысты жолға қоямыз деп міндеттеме алған. Десек те, жабдықталған суға түсуге арналған жағалаулардың саны аз екені жасырын емес. Егер облыс орталығында азаматтардың қауіпсіз, қалтасына салмақ салмайтын орындар жеткілікті жабдықталса, жыл сайын суға шомылу маусымы басталып үлгермей жатып қаралы статистика жаңармай, ажалы судан келетін марқұмдардың саны аз болар ма еді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.