Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық айтысына 60 жыл!

c 20:45, 27/06/2018 c 1813

0:00 / 0:00

"Жалындаған Жайық-жыр" атты сөз додасына қатысушы 20 ақынның өнеріне сəттілік тілеген көрерменнің қарасы көп болды. Ал жырдан түйін түйіп сөз маржанын терген ақындардың қатарында елімізге танымал жерлестеріміз Жансая Мусина, Талғат Мықи, Бауыржан Шермедин, Орынбек Меңдіқұлов, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров сынды азулы ақындар бар.
Сөз өнеріне қойылған талаптар, ақындардың ақиқатты айтып алмасша жарқылдауы, қазіргі айтыстың бағыт-бағдары жөнінде ақпаратпен бөлісіп, халықтың мұң-мұқтажын билік тұтқасын ұстағандарға жеткізу. Бұл күнгі айтыста да бұл мақсат алға қойылды.
Қазылар алқасына төрағалық еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ардагер-журналист Ғарифолла Көшенов, Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова, Талант Арынғали, Бауыржан Қалиолла сынды аталмыш өнердің жілігін шағып, майын ішкен өнер майталмандары болды.
Ақындық өнер бұған дейін саяси өзгерістерге байланысты шарықтау шегіне жетіп шығармашылық тоқырауға да ұшырады. Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық өнерімізге демеу көрсетіліп, бүгінде рухани құндылығымыз қайта жаңғыруда. Осы орайда ақын қыздарымыз әр сайыскер киелі орын сахнаға шығарда аузынан шығатын әр сөзге абай болып, тек қана қолы көтерін шоқпарды ғана белге ұстауы қажет дейді.
Ақындар сайысы бүгін кешқұрым мәресіне жетіп жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.