Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚ ЖАЙЫҚТА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

c 15:25, 07/06/2021 c 593

0:00 / 0:00

Оралда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және ақын Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына орай республикалық "Асыл домбыра" айтысының үшінші кезеңі өтті. Аламан айтыста 14 ақын бақ сынады. Айтыскерлер Ақжайық өңірінің қордаланған проблемаларын, тың жаңалықтарын жіпке тізді.

Облыс орталығында 16 ақын "Асыл домбыра" атты республикалық айтыста бақ сынады. Елімізге танымал ақындар көптің көкейінде жүрген өзекті проблемалар мен елді алаңдатқан мәселелерді жіпке тізді. Аламан айтыс Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен ақын, айтыс жанашыры, алмағайып кезеңдерден ұлт мұрасын бүгінгі ұрпаққа аман-есен жеткізген Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ақжайыққа табан тіреген ақындар сахнада сөз додасының көркін қыздырды.

Республикалық аламан айтыста елімізге танымал айтыскерлер мен жас ақындар жұптасып, айттысты. Көптің көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салған жұптың бірі Еркебұлан Қайназаров пен Қанат Мырзахан болды.

Республикалық "Асыл Домбыра" айтысының бұған дейін іріктеу кезеңдері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ұйымдастырылған еді. Ақжайық өңірінде өткен айтыста 10 ақын финалға жолдама алды. Жыр додасының ақтық сыны Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.