Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"ЖАҒДАЙ ӘЛІ КҮРДЕЛІ"

c 01:29, 06/04 c 64

0:00 / 0:00

Биылғы көктемнің әлегі елді есеңгіретті. Ауылдарды су басып, мыңадаған үйлер суға шайылып кетті. Мал қырылды. Ауыл түлігі қалаларды су басып жатыр. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан. Қостаанй өңірлерінде тасқын судың тасуы қатты болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің 5-і сәуірдегі ақпаратына сүйенсек, су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алып, 596 жеке тұрғын үй және 334 аула аумағы су астында қалды. 88 автожолды су шайды. 19 459 адам, оның ішінде 8 460 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазір құтқарушылармен қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ал Батыс Қазақстан облысында ауылдар ғана емес, Орал қаласына да қауіп төнді. Өзендер арнасынан асып, қаланың 6 ауданын су басып, 552 үйді суда қалды. Осы өңірге ат басын тіреген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше қауіпсіз жерге көшірілген жергілікті халықпен кездесіп, облыстың су басқан аудандарын аралап шыққан еді. Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өткізді деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жағдай әлі де күрделі болып тұр деді.

Апаттың ауқымын, шығынын көріп қайтқан Президент су астында қалған қаншама дүние-мүлік, электр желілерін қалпына келтіру, су шайған жолдар мен көпірлерді жөндеу жұмыстары тұрғанын айтты. Үкіметке жаңа типтегі үйлер салу немесе бұрыннан бар үйлерді жөндеуден өткізу жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы су тасқынының кері әсерін алдын ала ескертуге және жоюға бағытталған ұйымдастыру-алдын алу, инженерлік-техникалық, сондай-ақ шұғыл шараларды жүзеге асыру жұмысы тұралап қалғанын айтты. Енді олқылықтың орнын толтырып, гидротехник, ирригатор, жалпы су саласына байланысты мамандарды тез арада даярлауымыз керек", – деді ол. Су қоймаларын салуды және Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша уәкілеттілік беруді тапсырды.

Тоқаев министрлер мен әкімдерге тасқын судың салдарын жою жұмысын алдағы жазда, қысқа мерзім ішінде аяқтауды жүктеді. Ал малдың жаппай қырылуына байланысты ушыға түскен эпидемиологиялық жағдайды да назарда ұстау қажет деді. Биылғы су тасқынына жол беріп қойған проблеманың бірі- әкімдерде түк дайындық болмаған. Президент мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу қажет деп санайды. Бұл құжатта төтенше жағдай режимін жариялаудан бастап, келтірілген шығынды өтеуге және дүние-мүлікті қалпына келтіруге дейінгі барлық құзырлы органның міндеттері мен іс-қимылы нақты қамтылуы тиіс деді Тоқаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.