Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабдықталған жағажайдың саны артпақ

c 18:21, 04/05/2018 c 789

0:00 / 0:00

Биылғы жылы өңірімізде 70-ке жуық  арнайы жағалау жабдықталмақ. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлады. Облыс әкімінің ақпанда бекіткен қаулысына сәйкес, биылғы жылы жабдықталуы тиіс жағалаулар барлық қауіпсіздік ережелерге сәйкес болу қажет.

Қазіргі таңда шаһарымыздың аумағында төрт жеке меншік және бір коммуналдық жабдықталған жағалау қызмет жасауда. 5 жағалау қала тұрғындарына аздық ететіні сөзсіз. Сол себепті Оралдықтар мен шаһар қонақтары белгіленбеген жерде суға шомылуға мәжбүр. Осы олқылықтың орын толтыру үшін атқарушы билік өкілдері жаңадан 65 жабдықталған жағалау жасақтамақ. Жағалаудың жабдықталуы кәсіпкерлерге жүктеліп отыр. Арнайы белгіленген жағалауға бірнеше талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Жаңадан жабдықталатын жағалау қала аумағында және аудандарда да орын тебеді. Қазіргі таңда, жағалаудың иелерін анықтау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Бұл жұмыс суға түсу маусымы басталғанша аяқталуы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.