Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ыстық суы жоқ қала

c 10:01, 21/06/2021 c 571

0:00 / 0:00

Ақмоланың облыс орталығында әлі күнге дейін ыстық жоқ. Аристондар қаласы атанып кеткен Көкшетау қаласында көпқабатты үйлердің бәрінде су ысытатын Аристон жабдығы орналастырылған. Облыста неше әкім ауысты, қаншама жылдан бері өңірде жылу электр ортылығын салу жұмысын жүзеге асыр алмай келеді. Ақмола облысының қазіргі әкімі Ермек Маржықпаев жылу да, ыстық су да болады деп отыр.

Жиырма бірінші ғасыр. Дамыған 30 елдің қатарына кіруді армандап отырған Қазақстанда ыстық су беретін жүйесі қалыптаспаған қалалар бар. Ақмола облсының орталығы болып табылатын Көкшетау- халық арасында «Аристондар қаласы» деп аталып кеткен. Себебі, Көкшенің көпқабатты тұрғын үйлерінде ыстық су жоқ. Тұрғындар су жылытатын жабдықты орнатып, өз ажғдайлар жасауда. Бірақ ол электр көзі арқылы жұмыс істейді. Яғни көкшетаулықтар электр энергиясына екі еселеп ақы төлеп отыр. Көкшетау қаласында жылу электр орталығын салу мәселесі осыдан 7 жыл бұрын қолға алынып, аяқсыз қалды. Облыс әкімінің айтуынша,  конкурста жылу электр стансасын салу  жобасын жеңіп алған компания өз міндетін орындай алмаған. Содан бері Көкшетау қаласын ыстық сумен қамту мәселесі тағы да шет қалды.

Ермек Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі «2014 жылы Көкшетауда жылу электр стансасын салуға техникалық-экономикалық негіздеме тапсырылып, дайындалды. Конкурс жүргізіліп, 25-тен астам компаниядан өтінім келіп түсті. Олардың арасында шетелдік компаниялар да болды. Бірақ конкурста жеңген компания өзіне алған міндетті орындай алмады».

Бұл мәселеге Президент араласқан көрінеді. Осыған орай үкімет пен әкімдік жылу электр орталығын салу бойынша тікелей тапсырманы қолға алып жатқан жайы бар. Енді әкім көкшетаулықтарды аристондар қаласы деген аттан арылтамын деп отыр.

Ермек Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі «Шыныменде біздің қаланы аристондар қаласы деп айтады. Себебі қалада ыстық су жүйесі жоқ. Барлық үйлерде титан тұр. Енді бұл мәселе жылу элеткр стантасының құрлысымен байланысты. Жылу болса, ыстық су да болады »

Ал Ақмола облысына қарасты, елордаға тіреліп тұрған Қосшы ауылына қала мәртебесін беру қарастырлып жатыр. Соңғы жылдары тұрғындар саны қарқындап кеткен елді мекенге инфрақұрылым қажет.  Қосшыда қазір  60 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Алайда қала мәртебесін беру үшін санақ жүрген кезде жұмыс  тоқтап қалды дейді әкім Маржықпаев. Қала мәртебесін алу үшін 50 мың тіркелген тұрғын болуы керек. Қосшы тұрғындарының  көбісі Нұр-Сұлтанда тіреуде тұр.  Дегенмен, ауылды қалаға айналдыру  құжаты мемлекеттік орталық органдардың келісуінде жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.