Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХИДЖАБ ДАУЫ

c 15:55, 23/08/2023 c 66

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылы басталарда орын алатын дәстүрлі дау- мектепке оқушының хиджаб киіп келуіне бола ма? Бұл сұраққа жауап білім беру туралы заңда тайға таңба етіп жазылған. Бірақ әртүрлі діни ағымды ұстанған азаматтар бұл сұрақты жиі көтереді. Олар балаларының мектепке хиджаб киіп келуін талап етеді. Биыл да хиджаб дауы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Өткен аптадағы үкімет отырысынан соң оқушыларға мектепке хиджаб киіп келуге бола ма деген журналистің сұрағына оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев нақты жауап айта алмағанды. Бүгінгі жиыннан соң, министрге бұл сауалды біздің арнамыздың тілшісі Әселім Қалкен тағы қойды. Тілші тарқатады.

Бүгінде қоғамда орын алған дау-дамай бірден әлеуметтік желіде қызу талқыланатын болған. Тіпті шенеуніктердің жауаптары да осы жерде тәпсірленіп жатады. Әлеуметтік желіде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың хиджабқа қатысты жауабы қызу талқыға түсті. Шенеуніктің түсініксіз жауабынан жұрт оқушы қыздарға мектепке хиджаб киюге рұқсат етілді деп түсінген. Бірі хиджаб киюді қолдаса, енді бірі бұған қарсылық білдіріп жатыр. Министр өткен аптадағы үкімет отырысынан соң хиджаб туралы журналистің сұрағына жауап бере алмай біраз әбіржіген болатын.

Бүгін өткен министрлер кабинетінің жиналысынан соң, министр Бейсембаевтан қоғамда дау тудырған сұраққа нақты жауап беріп, осы мәселеге соңғы нүктесін қоюды сұрадық. Бас мұғалім оқушылардың бәрі бірдей мектеп формасымен жүруі керек екенін айтты.

Осылайша оқу-ағарту министрі заң бәріне бірдей деген жауап қатты. Ал егер әртүрлі діни ағымды ұстанған азаматтар балаларының мектепке хиджаб киіп келуін талап етіп, оқушы білім ордасына орамал тағып келген жағдайда мектеп әкімшілігі қандай әрекет жасауы керек? Бұл сұраққа Бейсенбаев жауап айта алмады. Шум.
Ал «Білім беру туралы» заңның 41 бабына сәйкес, оқу орнының Жарғысында діни үлгідегі киімді (хиджабты, орамалды ) киюге тыйым салатын талаптарды қамтуы тиіс деп жазылған. Бұл орайда мектеп формасы үлгісін сақтауға қатысты ата-ананың жауапкершілігі қарастырылған. Ата- аналар немесе өзге заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы 10 АЕК көлемінде айыппұл салуына әкеп соғады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.