Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вакцинадан бас тартқандар бар

c 09:53, 09/02/2021 c 608

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 719 адамға Спутник-V вакцинасы салынды. Арасында екпеден бас тартқандар да бар. Өздеріңізге мәлім, ақпан айының бірінен бастап елімізде жаппай ковидке қарсы вакцина салдыру жүріп жатыр. Елордада ағымдағы айдың ішінде  2030 доза вакцина салынады деп жоспарланып отыр. Ал вакцинаның екінші компоненті де осы айдың соңында салынады, - дейді, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Әлемді жалмаған қауіпті індеттен құтылудың бір жолы деп тапқан ғалымдар ковидке қарсы вакцинаны да жасап шығаруда. Алайда, екпенің  қанша уақытқа дейін қорғайтыны жайында толық ақпарат жоқ. Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде дейді дәрігерлер. Ғылыми негіздегі зерттеулер оның тұмау вирусымен ұқсастығын көрсетеді. Әзірге клиникалық зерттеулер аясында вакцинацияланған адамдардың иммунитетін ғана мысал ретінде қарауға болады. Аурудан кейін антидене деңгейі біртіндеп төмендейді және кейбір жеңіл түрде ауырған науқастарда мүлдем анықталмайды. Ондай жағдайда вакцинацияны қайталау керек. Жазылып шыққандарға да екпе салу қажет, - дейді иммунолог Елена Ковзель. Ал елорданың бас дәрігері нұрсұлтандықтарды жаппай екпе алуға шақыруда. Тимур Мұратов жыл соңына дейін елорда тұрғындарының 70 пайызына ковидке қарсы вакцина жасаймыз деп жоспарлауда. Ақпан айында басталған жаппай вакцинациалаудың 8 күнінде 719 медицина қызметкеріне екпе жасалған. Дегенмен, ресейлік вакцинадан бас тартып жатқандар да бар.

Дәрігердің айтуныша, коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамның бойныда әлсіздік барын сезінеді. Мұратов алғашқылардың бірі болып осы вакцинаны салдырғанды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина екпе туралы толық ақпарат алған соң, ерікті түрде салынады. Дегенмен, үкімет қазақстандықтарды ковид жұқтырғандар, науқаспен байланыста болғандар және птр тест жасатқандар бойынша түрлі түске бөлетін QR  код әзірлеп жатқаны мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.