Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ВАКЦИНА САТЫЛАДЫ»

c 11:47, 17/11/2021 c 587

0:00 / 0:00

Балалар мен жүкті әйелдерге салында деп елге жеткізілген Pfizer вакцинасы басқа саттағылар үшін ақылы болмақ. Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алатынын айтты. Ол үшін қосымша дозасы жеткізілмек. Қазақстандықтар үшін Pfizer вакцинасы қанша тұратыны әзірге белгісіз. Министр екпенің құнын бәсекелі орта анықтайды деп отыр.

Қазір елде Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы бар. Балалар мен жүкті әйелдер және емізулі баласы бар аналар үшін бұл екпе түрі тегін салынып жатыр. Бас дәрігердің мәліметінше, Pfizer-дің екінші партиясы 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір бұл препаратпен вакциналау 7 өңірде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды. Ал
вакцина жасатпаған балаларды да ойын-сауық орталықтарына кіргізбеуі мүмкін. Өздеріңізге мәлім, елордада сауда –саттық орталықтарына тек "жасыл" статусы барлар ғана кіреді. Бұрын мұндай шектеу демалыс күндері енгізілсе, енді жұмыс күндері де қолданылады.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ"Иә, қазір тек ересектер үшін ғана шектеу бар. Болашақта балалар үшін осындай шектеу енгізу қарастырылып жатыр"

Министрдің сөзінен түсінгеніміз, балаларға екпе салдыруға міндеттеу жоқ, бірақ олардың жүріп-тұруына әрқилы шектеулер қойылмақ. Елге жеткен американдық вакцинаға ересектер тарапынан сұраныс артып тұрған сияқты. Әсіресе шетелге жиі шығатындар Pfizer-ді салуға ниетті. Себебі, бұл ДДҰ-мен ұсынылған екпе. Министр Цой қазақстандықтар үшін Pfizer вакцинасы ақылы болады дейді. Ақылы вакцинаны елге жеткізу жұмысы жыл соңына дейін жүргізіледі. Ал оның бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ "Маңызды шешім қабылданды. Үкімет Pfizer-ді коммерциялық сегментке жіберуді қолдады. Қазір механизм пысықталып, орын анықталып жатыр. Біз препаратты коммерциялық сегментте пайдалану үшін елдің бүкіл өңірін вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.Жылдың соңына дейін вакцина айналымға түсуі керек. Әсіресе шетелге шығатындар бұл вакцинаны салғыза алады»

Бұған дейін де айтылғандай, Үкімет Pfizer вакцинасының 4 миллионнан астам дозасын жеткізуді жоспарлап отыр. Енді ол ақылы болса, қосымша тағы да сатып алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.