Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вакцина салдырасыз ба?

c 17:26, 28/01/2021 c 614

0:00 / 0:00

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен оның нөкерлері қазақстандық вакцинаны салдыруды жоспарлап отыр. QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде. Ал ресейлік  «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қазақстандықтарды  жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады. Үкіметте өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.Ал ақпарат министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, вакциналау мәселелеріне қатысты арандату және жалған ақпарат тарату фактілерін уақытылы тоқтатуды жіті тапсырды.

Осылайша ел үкіметі ақпан айында басталатын ковидке қарсы жаппай вакцинациялау науқанына дайындықты күшейтіп жатыр. Екпе жасатуға қатысты түсіндіру жұмыстары қамтылуда. Ал құқық қорғау органдары вакцинациялауға қатысты жалған, арандату ақпаратын таратқандарды бақылауға алынбақ. Өздеріңізге мәлім, қазір  QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде. Ал ресейлік  «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жүріп жатыр. Ақпан айынан бастап қазақстандықтарға дәл осы «Спутник V» екпесін егу басталады. Алғашқылардың қатарында медицина қызметкерлері тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен оның нөкерлері ковидке қарсы вакцинаны бірінші болып жатаспақ. Бірақ олар  қазақстандық екпені таңдап отыр. Еске сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та отандық вакцинаны жасатынын мәлімдеген болатын.

Не керек, биліктегілер халықтың күмәнін сейілту үшін осындай ерлік жасамақ. Ал үкімет әкімдерге вакцинаны сақтауға қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырып отыр. Халықты жаппай вакциналаудан өткізу Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті болып отыр. Мамандар қауіпті індетке тек вакцина жасау арқылы ғана тойтарыс бере аламыз деп сендіреді. Егер жоспардағыдай жаппай вакцина оң нәтижесін беріп жатса, алдағы тамыз-қыркүйек айларында ұжымдық иммунитет қалыптасады деген үмітте шенеуіктер.

Марат Шоранов – ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі «Вирусқа қарсы 70-80 пайыз иммунитет қалыптасуы керек. Вакцина салдырғананна кейін, елде тамыз-қыркүйек айларында жағдай жақсарып, ұжымдық иммунитет орын алады».

Дегенмен, халық арасында ковидке қарсы екпеге толық сенім бар деп айту қиын. Күмән көп. Қазақстанда 18 жасқа дейін балаларға бұл вакцина жасалмайды. Ал егде жасқа келгендерге екпе салдыруға тура келеді. Әлемнің 40 елінде қолданысақ енген американдық «pfizer» вакцинасын қазақстанға жеткізу бойынша әзірге келіссөз жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.