Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

УТИЛЬАЛЫМ АЗАЯ МА?

c 09:08, 23/02/2022 c 427

0:00 / 0:00

Аты шулы утильалымдардың мөлшері азая ма? Бұл сұраққа Экология министрлігі ертең нақты жауап бермек. Өздеріңізге мәлім қаңтар оқиғаларынан кейін елде баға саясаты бойынша жұмыс басталғанды. Соның бірі шарықтап тұрған утильалымдарға қатысты. Ендігі екі айға жуықтады үкімет “Оператор РОП” компаниясынан бұл құзіретті тартып алып, «Жасыл Даму» АҚ-на берді. Әзірге бұл мекеме утильалымның мөлшерін қалай өзгеретінін айтуға асығар емес. Ал экология министрі Серікқали Брекешев үкіметте өткен брифингте ертең мәлімдейміз деп құтылды.

Осыдан бес жыл бұрын құрылған “Оператор РОП” компаниясы 700 млрд теңгеге жуық қаражат жинап үлгерген. Алайда, компания бұл қомақта ақшаны қайда жаратты, жиналған миллиардтар қайда кетті? -деген күмәнді сұрақтарға жауап әлі күнге дейін берілмей отыр. Тіпті мәжіліс депутаттары да компанияның активтері мен шығындарын толық тексеру аяқталғанша қалдықтарды жинауға мораторий енгізуді ұсынғанды. Бұған құлақ асқан үкімет жоқ. Қаңтар трагедиясынан соң, Президенттің тапсырмасымен бұл құзірет “Оператор РОП” компаниясынан тартып алынып, «Жасыл Даму»АҚ –на өткен еді.
Көліктерге салынатын утильалымдардың мөлшері азаяды деген ақпарат тарағалы екі айдың жүзі болды. Министрлік нақты нақты жауапты ертең жарияламақ.

Депутаттардың мәліметінше,соңғы бес жылда автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде сатып алушы жеке “Оператор РОП” компаниясына 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін алым төлеп келген. Мұндай алымдардың жоғары болуы Қазақстандағы көлік бағасының қымбаттауына әкеп соқты. Егер утильалымның мөлшері төмендесе, автокөлік бағасы да арзандауы мүмкін деген қазақстандықтардың болжамының орныдалуы екіталай. Индустрия министрінің айтуынша, Қазақстандық өнімнен утильалым алынбайды. Тек шетелден әкелінген көліктерден ғана мұндай алым алынып келген.

Экология министрлігінің мәліметінше, «Оператор РОП» компаниясы құрылған бес жылда жиналған қаражаттың бәрі бірдей кәдеге жаратылмаған. Аталмыш компанияның шотындағы 220 млрд теңге осы іспен айналысып жатқан мемлекеттік оператор "Жасыл Даму" АҚ-ның шотына аударылды. Қалған қаражат қайда деген сұраққа жауап жоқ. Сондай-ақ, экология министрі «Жасыл Дамуға» берілген қаражаттың қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінетінін айта алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.