Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Университеттер лигасының спорттық додасы

c 12:47, 06/04/2018 c 1004

0:00 / 0:00

Шаһарымызда елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған университеттер лигасының спорттық додасы басталды. Спорттық сайыс облыс орталығында бір айдың көлемінде жалғаспақ. Спорт додасы мыңға жуық студент жастардың басын қосқан. Спортшылар алты спорт түрінен сайысқа түсіп, үздік спортшыны анықтамақ.
Шаһарымызда алты спорт түрін қамтыған университтер лигасы басталды. Спорттық сайысқа өңіріміздегі төрт бірдей жоғарғы оқу орнының студенттері ат салысып жатыр. Олар спорттың алты түрінен өз шеберліктерін ортаға салып, үздіктерді анықтамақ. Басты талап спортшылар жоғарғы оқу орынының студенті болуы және қатысушылардың жасы жиырма бестен аспауы тиіс.

Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған университеттер лигасында волейбол спортынынан қыздар мен ұлдардан құралған жалпы саны сегіз команда қатысып жатыр.

Университтер арасында ұйымдастырылған спорттық сайыс сәуірдің аяғына дейін жалғаспақ. Спорттық дода барысында үздік деп танылған спортшылар еліміздің түпкір-түпкірінде өтетін республикалық университеттер лигасына жолдама алады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.