Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық кеңес не шешті?

c 21:45, 22/10/2020 c 462

0:00 / 0:00

Бір жыл бұрын құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы болды. Айтулы жиын әдеттегідей ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өтті. Онлайн жүйесінде өткен кеңес отырысында әкімдер сайлауынан бастап, өңірлердегі заң бұзушылықтар, ішкі көші-қон, әйелдердің биліктегі рөлі жайныдаығ мәселелер талықға салынды. Президент оңтүстіктен солтүстік аймағына халықты көшіру мәселесінде қосымша жеңілдіктер жасауды, тарихи отанына оралған қандастарымызды баспанамен қамтуды тапысрды. Ал әйелдердің биліктегі рөлін арттыра отырып, ұлттық компанияларда да нәзік жандардың көп болуы қажеттігін айтты.

Соңғы жылдары ішкі миграцияда адам тығыз орналасқан оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру жүріп жатыр. Себебі, еліміздің солтсүтік аймағында жұмыс бар да, еңбекке тартатын адам аз. Ал оңтүстікте керісінше. Бір жағынан бұл солтүстік аймақты қазақыландыруағ да себін тигізіп отырағн сияқты. Дегенмен, жылы аймақтан, қақаған қысы бар суық жаққа көішп келе қоюға бәрі біредй келісіп отырған жоқ.  Қазіргі уақытта қоныс аударушыларға 35 айлық есептік көрсеткіш, яғни 97 230 теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Көші-қон мәселесін тартымды қылу үшін  Президент Тоқаев үкіметке жәрдемақы көлемін арттыруды жүктеді.

Сондай-ақ, шетелден тарихи отанына оралып жатқан қандастарымызды баспанамен қамту мәселесі ақсап тұрғаны айтылды. Азаматтық алған қандастар солтүстік өңірге көшкен жағдайда үймен қамту айтылды.

Өздеріңізге мәлім, кеңестің бұған дейінгі отырысындағы ұсыныстар бойынша саяси партиялар, сайлау туралы заңдарға айтралықтай өзгеріс енгізілді. Парламентте жастар мен әйелдердің рөлін 30 пайызға арттыру заңмен бекітілді.Бүгінде әкімдік пен мемлекеттік органдардағы әйелдердің орны 55 пайызды, соттарда 47 пайыз, парламентте 22 пайызды құрап отыр. Алайда бұл аздық етеді дейді президент. Тоқаев квазимемлекеттік секторға да әйелдерді көбірек тартуды тапсырды. Осылайша Қазақстан халықаралық рейтингте әйелдерге қатысты елде гендерлік тепе-теңдік сақталатынын дәлелдемек.

Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты бірқатар ұсыныс жасалды. Кеңес мүшесі Максим Споткай

Әкім сайлауына түсетін үміткерлерге  қойылатын талап та жеңілдеу болғаны жөн дейді.

Жиын барысында еліміздің ерекшеліктері ескерілмей жасалған шетелдік тәжірибелерден бас тарту, қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде қолдану, адвокаттарға қысым жасалып жатқаны, ЖОО сапалы білім беруін қамту сияқты мәселелер де көтерілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.