Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлт қауіпсіздігі басты мәселе

c 11:06, 15/08/2020 c 538

0:00 / 0:00

Дағдарыспен күреске және пандемияның екінші толқынына дайындыққа арнайы бағдарлама қабылдау қажет. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдау барысында айтты.Премьер-министр елбасына  биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық даму нәтижелері мен қауіпті індетпен күрес барысын баяндаған еді.

Елбасы, қауіпсіздің кеңес басшысы Нұрсұлтан Назарбаев

Премьер-Министрдің  ел экономикасының дамуы  мен қауіпті індетпен күрес барысы жайында есебін тыңдады. Өз кезегінде Назарбаев пандемия барысында үкіметтің індетпен күрес жұмысында әу баста кемшіліктері болғанын да айтты. Ал әлемдік дағдарыстың ел экономикасына кері әсерін тигізіп отырғаны сөзсіз. Әлемдік сарапшылар экономикалық дағдарыс пен пандемияның екінші толқыны келетінін болжап отыр. Бұл орайда елбасы Асқар Маминге екінші толқынына дайындыққа арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Назарбаев қазір геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстанның ішкі тұрақтылығын сақтау басты мәселе деді.

Сондай-ақ, елбасы бұл дағдарысты да жеңеміз деген сенімділік танытты. Ең бастысы Үкімет халықты табыссыз қалыдрмауы үшін, жұмыспен қамтуы тиіс. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.