Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үлкен қаладағы қоқыс

c 18:57, 21/10/2019 c 871

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласында 400 аса рұқсатсыз төгілген қоқыс анықталды. Мұны ғарыштағы түсірілім арқылы анықтап отыр.  Елордалық экологтардың айтуынша,  бұл проблеманың бәрі айыппұл көлемінің төмендігінен. Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 10 АЕК болса, заңдық тұлғалар үшін 200 АЕК құрайды. Бұл дегеніміз жарты млн теңгеге жуық қаржы. Алайда, ірі компанияларды мұндай айыппұлдар алаңдатып отырған жоқ. Бүгін экологтар  БАҚ өкілдерімен бірге елорда маңындағы рұқсатсыз төгіліп жатқан қоқыстарды аралап шықты.

Елордада қоқыс төгінділері үлкен проблема тудырып отыр. Рұқсатсыз төгіліп жатқан қоқыстар қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жылдан жылға көбейіп отырған қоқыс үйінділерінің саны 400-ге жетті. Құрылыс компанияларын бұл мәселе алаңдатып отырған  да жоқ. Құрылыс орнынына шыққан қоқыстарды арнайы полигондарға апарып, төкеннің орнына бос жатқан жерлерге үйе берген. Сондай-ақ, қала тұрғындары да қоқыс жинау мәселесінде салақтылығын көрсетіп отыр. Үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген тұрғындар қоқыстарды күнделікті қоқыс жәшіктерінің жанына тастай салады.  Ал республика бойынша рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерінің саны 18 мыңды құрап отыр. Нұр-сұлтан қаласы бойныша айтатын болсақ, күн сайын мыңдаған тонна қоқыс шығарылады. Оның тек 10 пайызы ғана қайта өңдеуге жолданады. Енді мемлекет қоқысты қайта өңдеу көлемін арттыруды көздеп отыр. Елорда маңы қоқысқа толып жатқанын жергілікті экологтар жиі көтеріп , алаңдаушылық білдіруде. Әзірге үкімет тарапынан нақты қадам жоқ.

Экологтар құрылыс қалдықтары тиелген көліктерді  көре тұра, оны рұқсат етілмеген жерге төгетінін біле  отырып, олардың жолы кесуге құзыретіміз жетпей отыр дейді.

Өздеріңізге мәлім, экологиялық кодекс қазір Парламент қарауында жатыр. Онда рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төккендерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату нормасы бар. Айыппұл көлемін бірнеше есеге көбейтіп, автокөліктерін тәркілеп алу көзделген. Қазақстанда жыл сайын 4 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қоқыстар жиналады. Оның тек 10 пайызы ғана қайта өңдеуге өтеді. Қалғаны арнайы қоқыс полигондарында сақталады. Республика бойынша бар-жоғы 3,5 мың қоқыс полигоны бар. Оның тек 18 пайызында  ғана экологиялық стандарттар сақталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.