Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үлгерімі нашар оқушылар үшін оқу жалғасады

c 09:29, 25/05/2021 c 569

0:00 / 0:00

Қазақстанда үлгерімі нашар оқушылар үшін оқу жалғасады. Білім министрлігі мамыр айының 26 мен  маусымның 17 аралығында жазғы мектептер іске қосып, қашықтан оқып үлгерімі төмендеп кеткен балаларды оффлайн оқытып, білімді жетілдіруді қолға алып жатыр. Осылайша  қашықтан оқыту нәтижесінде туындаған олқылықтардың орнын толтырмақшы. Биыл еліімзде 1-11 сыныптар бойынша  3 млн 400 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр.

Жазғы демалыс та келіп қалды. 25 мамыр соңғы қоңырау үні барлық оқушылар үшін соғылмайды. Тек мектеп бітіруші 11 сыныптарға ғана карантин талабы қатаң сақталған жағдайда соңғы қоңырау өтпек. Биыл елімізде 1-11 сыныптар бойынша 3 млн 400 мың оқушы меткеп бітіріп, жайдары жаздың демалысына шыққалы тұр. Алайда үлгерімі төмен оқушылар үшін оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылды. Жазғы мектеп оқушыларға білімін жетілдіруге, ал олардың ата-аналарына балалардың жазғы демалысын ойластыруға мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-анасы өтініш жазуы қажет.Министрлік өкілі пандемия кезінде онлайн оқудың сапасы төмен екенін мойындап отыр.

Алайда, баласын жазғы мектепке беру,бермеу мәселесін ата-аналары өзі шешеді. Дегенмен, мектептер балалардың білімін жетілдіруге дайын. Мектепке барып оқиды. Бірақ , жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімдерге қосымша ақша бөлу жоспарланбаған.

Осылайша білім министрлігі  қашықтан оқыту нәтижесінде туындаған олқылықтардың орнын толтырмақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.