Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

УКРАИНАДА ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР

c 09:02, 23/02/2022 c 414

0:00 / 0:00

Украинадан Қазақстан азаматтарын шығару жолдары қарастырылып жатыр. Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс күшейіп барады. Өздеріңізге мәлім, Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады. Өз кезегінде Путин Ресей Қарулы Күштеріне ДХР мен ЛХР-да бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Ал бұл жағда йға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай? Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Донецк пен Луганскіні мойындау мәселесін көтермейді. Жалпы еліміздің ұстанымы жайында Қауіпсіздік Кеңестің отырысыннан соң жария болады деді. Министр бұл пікірін үкімет отырысынан соң, журналистер сұрағына жауабында айтқан еді.  Украинадан Қазақстан азаматтарын шығару жолдары қарастырылып жатыр. Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс күшейіп барады. Өздеріңізге мәлім, Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады. Өз кезегінде Путин Ресей Қарулы Күштеріне ДХР мен ЛХР-да бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Ал бұл жағда йға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай? Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Донецк пен Луганскіні мойындау мәселесін көтермейді. Жалпы еліміздің ұстанымы жайында Қауіпсіздік Кеңестің отырысыннан соң жария болады деді. Министр бұл пікірін үкімет отырысынан соң, журналистер сұрағына жауабында айтқан еді.

Осылайша, Украинадағы жағдай бірден ушығып кетті. Ал Ресей Президенті Владимир Путин өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын мойындады. Енді респуликалар Ресеймен кез-келген келісімді жасай алады. Соның ішінде шекараны бірлесіп күзету мәселесі де бірге шешілмек. Ресей басшысы қаулысында Қорғаныс министрлігіне  Донецк және Луганск халық республикаларында бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды. Ресей әскеріне жүктелген міндет бойынша құжаттың датасы жоқ. Сондай-ақ, ресейлік БАҚ-ң хабарлауынша, Путин Ресей Сыртқы істер министрлігіне аталған республикалармен  дипломатиялық қарым-қатынас, достық, ынтымақтастық және өзара көмек орнату туралы келіссөздер жүргізуді де тапсырған. Әзірге бұл жағдайға қатысты Қазақстан өз ұстанымын жариялаған жоқ.

Журналистерді  ҰҚШҰ келісімі аясында Донецк және Луганск халық республикаларына әскер жіберілуі мүмкін бе?  -деген сұрақ мазалады. Сондай-ақ, бір апта бұрын Қазақстан  Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағанды.

Қазірдің өзінде шиеленісіп тұрған жағдайда Украинадан Қазақстан азаматтарын шығару жолдары қарастырлуда. Бүгінде Украинада 500-ге жуық қазақстандық тұрады. Оның ішінде елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы, студенттер мен бизнес өкілдері бар.

Ал Украина Президенті Владимир Зеленский халқына үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы қалатынын мәлімдеді. Халықаралық қауымдастық да алаңдаушылық танытып отыр. Ұлыбритания Ресейге қатысты жаңа санкцияларды енгізіп жатыр. Ал АҚШ Президенті америкнадықтарға Донецк мен Луганскіні қаржыландыруға тиым салатын бұйрыққа қол қойды. Сондай-ақ осы аймақтардан импорт пен шикізат тасымалдауға да шектеу қойды. ЕуроОдақ көшбасшылары  болса  Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдарды мойындау халықаралық құқықтың тапталуы деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.