Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үкіметтің кемшіліктері

c 18:08, 24/01/2020 c 610

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының тапсырмаларын толық орындамаған үкіметтің кемшіліктері бүгін май шаммен қаралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланды. Сонымен қатар, үкімет мүшелері президентке оның тапсырмалары қалай орындалып жатқанын баяндады.Тоқаев министрлер мен әкімдерді осымен екінші рет жинап отыр. Алғашқы отырыс былтыр жазда өткен еді. Тоқаев пермьер –министр Асқар Мамин мен бірқатар әкімдердің баяндамасын тыңдай келе, үкіметтің атқарған жұмысына баға берді. Президенттің бағасы төмен болды. Дегенмен ешкімге сөгіс жариялаған жоқ. Көктемге дейін тиісті міндетті орындамағандар қызметінен кетеді деді.

Бүгін Үкімет үйіне жиналғандардың қарасы қалың болды. Министрлер кабинеті мен боранға қарамай жеткен әкімдер, жүздеген журналист жиналған жиынды бастаған Президент ең алдымен үкіметтің атқарған жұмысы жайында баяндамалрды тыңдап алды. Кезек Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметвоке жетті. Әкім облыстың әлеуметтік-экономкиалық даму  барысын айта келе, Ұлы Абайдың 175 жылдығына 20 млрд теңге жұмсаймыз дегені сол –ақ еді, Президент Тоқаев оның тәбетін бірден азайтып тастады.

Баяндамаларды тыңдай келе, ел президенті үкіметтің жұмысын бағалады. Тоқаев мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Енжарлық пен жігерсіздік, батылсыздық бар. Реформа қажет деді.

Ал бұған дейінгі Президент тапсырмалары толық орындалмай отырғанын айтты. Жалпы реформаларды жүзеге асыру баяу деді. Бұл орайда барлық сала бәсеңдеп тұрғаны сөз болды. Енді Тоқаев Президент жанынан елдің әлеуметтік-экономикалық реформаларын зерттейтін орталық  ашуды тапсырды. Оған президент әкімшілігі қызметкерлері, ғалымдар, сарапшылар кіреді. Болашақта ол агенттік болуы мүмкін. Екінші деңгейлі банктер бизнесті несиелендіруде белсенділік танытпай отырғанын айтты.

Квазимемлекеттік секторды да сынады. Саны көп, сапасы жоқ холдингтердің шығыны көп деді.

Сондай-ақ, үкімет пен әкімдіктер  бизнесті қолдау жұмыстарын да толық атқара алмауда. Тиісті тапсырма бар, нәтиже жоқ.

Асқар Мамин үкіметінің атына айтылатын сын көбейді деді. Басты мәселе - халық жиі тұтынатын маңызды азық-түлік түрлерінің 10 пайызға  қымбаттап кеткені, құзырлы органдар мен әкімдіктердің кемшілігі екенін айтты.

Өздеріңізге мәлім, Армения мен Қырғыз елдерінен автокөлік сатып алған қазақстандықтар бөтен нөмірмен жүр. Енді олардан көлігін тіркеу талап етіліп, елдегі осындай 200 мың көлігі бар жүргізушілер бас көтергенді. Оларға айыппұл салына бастаған еді. Президент  бұл көліктерді уақытша тіркеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы түбіндегі ұшақ апатынан зардап шеккендерден шағым түсіпті. Олар әлі күнге дейін  өтемақасын ала алмай отыр. Президент үкімет пен әкімдерге бұл мәселені тездетіп шешуді тапсырды.  Ұшақ апатында 52 адам жарақат алып, 12 адам қайтыс болғанды.  Ал  Бекэйр әуе компаниясының  ұшақтарына билет алғандар билетін кері тапсырып  тастағанды. Алайда оларға билет құны әлі қайтарылған жоқ.

Роман Скляр – ҚР үкімет басшысының орынбасары; "Компания ақшаны қайтаруға міндетті, бұл азаматтық-құқықтық қарым-қатынас. Сондықтан таяуда компания ақшаны қайтаруы қажет. Олар бұл мәселені шешуі керек - қандай да бір мүлік сатса да немесе басқа әдістермен болсын... Несие алса да, билеттердің ақшасын қайтаруы керек".

Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы көптен күткен жиын еді. Қоғамда осы отырыстан соң, үлкен өзгеріс болады. Үкімет отставкаға кетеді деген қауесет те тарағанда. Алайда, мемлекет басшысы түбегейлі шешім қабылдаған жоқ. Сөгіс те жарияламады. Бірақ Маминнің үкіметіне қатаң ескерту жасады. Көктемге дейін президент қойған міндетті орындамаған шенеуніктер қызметінен кетеді.

Сондай-ақ, Президент ысырапшылдыққа жол бермеу  үшін  мемлекеттік органдарға қымбат көліктер сатып алуға және түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.