Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА КІРІСТІ

c 18:43, 10/03/2022 c 532

0:00 / 0:00

Бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі,жаңа жұмыс орындары пайда болады, оқу бітіріп жатқан жастарды жұмыспен қамту басты назарда тұр. Бүгін өткен үкіметтің отырысында Халықтың табысын арттыру бағдарламасы азаматтардың тұрмысын жақсарту және әлеуметтік-еңбек саласында тәсілдерді жаңалау үшін әзірленді. Құжат бірінші кезекте, халықтың нақты табысын арттыруға және жұмыспен қамтуға бағытталған. Ол жүйелі индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту арқылы іске асырылмақ.
Президент үкіметтің алдына қазақстандықтардың табысын арттыруды тапсырған болатын. Үкімет арнайы бағдарламаны қабылдап, халықтың табысын жұмыспен қамту арқылы өісруді көздеп отыр. Бас экономистің мәліметінше, соңғы екі жылда қазақстандықтардың кірісі айтарлықтай төмендеген. Пандемия кезінде табысын жоғалтқандар, жұмыссыз қалғандар қаншама. Оған қоса қымбатшылық та халықты қысып отыр. Ал қазір ақш доллары шарықтап, ендігі бағаның шарықтап жатқанын көріп отырмыз.

Үкімет бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын өсірмек.

Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын өндірістік кластер құру, шағын және орта бизнес саласын қаржылай қолдау, ірі кәсіпорындар жанынан шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау арқылы ұлғайтуды жоспарлап отыр. Үкімет басшысы бұған қоса еңбек табысының айырмашылығын қысқартуға және халықтың сатып алу қабілетін арттыруға көңіл бөлінетінін айтты

Халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама аясында 2025 жылға дейін 23 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспары бар. Сонымен қатар ірі компаниялар қызметкерлерінің жалақысын салалық орташа деңгейге көтеру бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.