Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үкімет сөз естіді 

c 09:00, 11/06/2020 c 523

0:00 / 0:00

Қазына қаржысын дұрыс игермеген, бюджет жоспарын толық атқармаған министрлерді жауапқа тарту керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің ойнлайн жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин үкіметтің жұмысын  сынады.  Мәжіліске келген үкімет мүшелері 2019 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша есеп берген еді. Парламентке вице-премьер Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинеті түгел келді. Ал журналистерге карантинге байланысты отырысты онлайннан бақылауға тура келді.

Қазына қаржысының жұмсалу барысын май шаммен қарайтын есеп комитетінің деректері де мәз емес.  Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың айтуынша,  мұнайға деген тәуелділік төмендемеген. 10 жыл бойына өңдеуші сектор үлесі 11 пайыздан аспады. Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. Алайда, тапқаны азық-түліктен артылмай жатыр. Азық-түлік тауарларына табыстың  50 пайызы кетеді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 пайыз шамасында. Үкіметтің мемлекет  қарызын  жабуға қатысты шығыстары да артқан. Шығыстарыды жабу қызметтері   1 трлн 400 млрд теңгені құрап отыр.  Бұл бір жағы. Ал жыл сайын қазынадан млрдтаған қаржы әр салаға бөлінеді. Ақшаны бөлуге келгенде алдына жан салмай, бағдарламалрын жарыса ұыснатын министрілктер, оны игеруге, атқаруға келгенде сүренді. Бұл жылдағы талқыланатын мәселе. Бұл жолы экология министрлігі көзге түсті. Депутаттар атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне бөлінген қаражаттың неге дұрыс игерілмегенін сұрады.  Министр Мырзағалиев болса, бұл қаражат өзендерге тексеруге кеткенін айтты.

Мағзұм Мырзағалиев – ҚР экология, геологяи және табиғи ресурстар министрі; «Біз гидротехникалық құрылыстардағы мониторинг санын көбейттік. Трансшекаралық өзендерге қатысты тексеру 300 болса, қазір 951 тексеруге дейін артты. Қажетті индикаторлардың төмендеуі алдағы бюджетте ескеріліп, қаржы министрлігінен және сіздерден қолдау сұраймыз»

Алайда, спикер енді қолдау болмайтынын кесіп айтты. Министрді экологиялық мәселеде айырмашылықты білмейсің, қажет болса білім министрінен экология тақырыбына лекция тыңда деп, жермен жексен қылды.

Нұрлан Нығматулин-ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Қолдау көрсетпейміз.Сендерді не үшін қолдауымыз керек?!. Сіз қазір не айтып отырсыз? Сізден өзендерді бақылау туралы біреу сұрады ма? Менің түсінуімше, атмосфералық ауаның тазалығын бақылау мәселесі сұралды. Экология министрі айырмашылықты білмейді. Атмосфералық ауа мен өзендерді бақылау – екі бөлек дүние. Жеке секторда мұндай менеджерді қуып шығады. Мағзұм Маратұлы, мәселені қараңыз. Егер  түсінбесеңіз, білім министрінен көмек сұраңыз, университеттерде сізге дәріс ұйымдастырсын. Мұндай жауапты тыңдаудың өзі ұят».

Экология министрінен соң, білім министрі де назардан тыс қалған жоқ. Мәжілісмендер білім және ғылым министрлігіне отыз университетте коворкинг орталығын ашуға 663 миллион теңге бөлінгенін айтты. Қаражат ұлттық қордың мақсатты трансферттерінен алынған. Алайда ақша жүз пайыз игерілмеген.

Аймағамбетовтің жауабы да мәжіліс төрағасының ашуын келтірді. Коворкинг орталық дегеніміз   сұқбаттасу, әңгімелесу алаңы, аталған жағдайда жұмыс берушілер мен студенттердің қарым-қатынас алаңы. Ал бұған  ұлттық қордан ақша алатындай соншалықты не көрінді деді.  Осы орайда, ұлттық қордың ақшасын оңды-солы жұмсап отырған үкіметті сынады. Ал бюджет қаражатын дұрыс игермеген министрлерді жауапқа тартуды ұсынды.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазір мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің үштен бірі, ал шығыс бөлігінің төрттен бірі ұлттық қордың есебінен қалыптасып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.