Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ «PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ЕЛГЕ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ОТЫР

c 09:56, 13/07/2021 c 513

0:00 / 0:00

Қауіпті індет ковидке қарсы вакцина жасау науқаны қызып тұр. Үкімет міндеттеп те, өз еркімен де барып екпе алып жатқандар бар. Алайда, дәл қазір қазақстандықтардың екпе таңдау мүмкіндігі шектеулі. Себебі, елде ресейлік және отандық вакцина ғана егіліп жатыр. Бұған дейін ұсынылып келген қытайлық екпелер бітіп қалды. Ал азаматтардың көбісі халықаралық деңгейде мойындалған Pfizer компаниясы шығар  вакцинаны салдырғысы келеді. Алайда, бұл екпе біздің елге әкелінбей жатыр. Себебі Үкімет Қазақстанға мамыр айында  Pfizer вакцинасының 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім шартты дер кезінде жүзеге асыра алмады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетін осы салғырт жұмысы үшін сынға алып,  жақын арада  мәселені шешуді жүктеді.  Сондай-ақ, Тоқаев жалған вакцина паспортын сатып жатқандарды жазалауды қатаңдату керек деді. Бұл жайында  үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды.

Президент үкіметтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмысын қорытындылай келе, бірқатар кемшіліктерді тізіп берді. Інідетпен күрес, халықты жаппай вакцинациялаудағы кем-кетіктер айтылды. Қазір Қазақстан қызыл аймақта. Соңғы тәулікте ковид жұқтырғандар саны 3,5 мыңнан асты. Елордасында 914 науқас тіркеліп отыр. Халықты екпеге міндеттеу жұмысы жүріп жатыр. Вакциа салдырғандар саны едәуір артты. Алайда, қазақстандықтардың вакцина таңдау құқығы шектеліп отыр. Себебі, қазір екпе салу пунктерінде вакцинаның екі түрі ресейлік және отандық екпе ғана қалған. Қытайлық вакциналар бітіп қалды. Ал халықаралық деңгейде мойындалған  Pfizer вакцинасы қазақстандықтар үшін арман болып отыр. Оны  елге жеткізу жұмысын үкімет аяқсыз қалдырды. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанға Pfizer екпесінің 2 млн дозасы әкелінуі керектін.

Бір өкініштісі адамдар қауіпті індеттен өлім аузынан қалып жатқанда, талай азаматтар жақындарынан айырылып, індеттің зардабын шегіп отырған кезде жалған вакцина пен птр тест сатып, пайда ойлаған медицина қызметкерлерінің ерсіз әрекеті орын алуда. Тоқаев бұл үшін жаза қатаң болуы тиіс деді.

Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеуден өткені туралы жалған анықтама сатып жүрген медициналық орталық директоры ұсталды.

Елімізде осы күні ПТР-тест құжаттарын шетелде отырып-ақ сататын адамдар пайда болған.

Полиция қызметкерлері елден тыс аумақта бола тұрып, вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тест анықтамасының электронды нұсқасын жасап, 5500 теңгеге сатқан қазақстандықты анықтады. Олар  «Телеграмм» мессенджері арқылы шаруасын тындырып отырған. Қазір елордадағы  медицина орталықтары, емханалар мен ПТР-тест бекерттерінде тексеру жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.