Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЖ 11 мамырда аяқталады

c 13:44, 28/04/2020 c 726

0:00 / 0:00

Елде қауіпті індеттің таралуы толастар емес. Денсаулық сақату министрлігінің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, коронавирусты жұқтырғандар саны 2700 адамнан асып жығылады.  Сол себепті, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартты. Президент, елде COVID-19 вирусының таралу шегінен әлі өткен жоқпыз деді. Бұл жайында мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде жариялады. Осылайша қазақстандықтарға тағы 10 күннен артық үйде отыра тұруға тура келеді. Ал мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңідетуге дайын деді Президент. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жеңілдетілген режим өзге аймақтарға да енгізіледі.

Қазақстандықтар бір апта бойы асыға күткен Президенттің мәлімдемесі бүгін жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимін тағы ұзартты. Осылайша, мамырдың 11-не дейін үйде отыра тұруға тура келеді.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субьектілердің жұмысы жүріп жатыр. Енді басқа өңірлерде елорданың үлгісімен  карантин талабы жеңілдетілмек. Ең бастысы вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап, санитарлық норманы  сақтауы қажет.  Ал табысынан айырылып, 42500 теңге алып отырған азаматтарға келесі айда бұл көмек жалғасатын болады. Ол үшін қайтадан өтінім  жіберудің қажеті жоқ. Бүгінгі күні елімізде 4 млн 251 мың адамға төлем тағайындалған. Сондай-ақ, Президент бір айдан астам уақты үйде қамалып отырған балалардың жағдайына да тоқталып, аулалар мен ойын алаңдарын ашу қажеттігін айтты. Тек ол жерлерде санитарлық норма қатаң сақталуы тиіс. Көктемдегі тіршіліктің бірі-саяжайдың мәселесі назардан қалмады. Мамырдың бірінен бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы бағытындағы әуе тасымалы қайта  жанданады. Бұл орайда  ұшақта санитарлық тәртіп енгізілмек. Ал ойын –сауық орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Студенттер мен оқушылар қашықтықтан оқуын жалғастыра береді. Қасиетті Рамазан айында  ауызашарды әркім өз үйінде өткізгені абзал. Ал алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Жеңіс күніне орай ардагерлерге әкімдер материалдық көмек жасап, лайықты құрмет көрсетіледі. Президенттің мәлімдемесінде денсаулық сақтау министрлігіне қауіпті індетті  тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейту тапсырылды. Тәулігіне кем деген 25 мың адам тест тапсыруы тиіс. Бұл оарйда отандық тест-жүйесінің өндірісін тездету қажеттігі айтылды.  Тоқаев елді әбігерге түсірген дағдарыстан кейін де  медицинаны дамытуға баса мән береміз деп отыр. Үкімет  Халық денсаулығы туралы жаңа кодекс жобасына  ұсыныстар енгізіп, Парламент осы ессияның соңына дейін қабылдауы тиіс. Мұнымен қоса, мамырдың 11-не дейін Үкімет пен Ұлттық банк  Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындауы қажет.  Мәлімдеме соңында мемлекет басшысы аты жаман дертпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер, полицейлер, әскерилер мен еріктілерге және халыққа жедел  ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғысын айтты. Ал қазақстандықтарға карантин талабын сақтауға, шыдамдылық танытуға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.