Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түрмеден шыққан бұйымдар көрмесі

c 18:50, 07/02/2018 c 780

0:00 / 0:00

Көздің жауын алатын кәдесыйлар мен әртүрлі әшекей бұйымдардың бір қарағанда абақтының арғы жағындағы жазасын өтеушілердің қолынан шыққан дүниелер деуге илану қиын. Алайда, тағдыр талайымен түрмеге түскен жазасын өтеушілердің ішінде шеберліктерінде шек жоқ қолдары алтын айыпкерлер көп. Ал оларды лайықты жұмысқа тарту бүгінде жауапты мекемелерге артылып отырған міндет.
Осынау мүмкіндікті тиімді пайдаланған кәсіпкерлердің бірі бұдан екі жыл бұрын түзету мекемесі ішінен шағын шеберхана ашып, қазір кәсіптері алға басып отыр. Абақтыда отырғандардың 15-ін тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпкердің, ұлттық нақышта безендірілген түрлі бұйымдары мен көрпе-көпшіктері көрмені тамашалаушылардың көңілінен шықты.
Қазіргі таңда өңіріміздегі түзету мекемелерінде 120-ның үстінде жазасын өтеуші қызмет етеді. Ал, мекеме ішіндегі шағын кәсіпкерлік санын арттырып, абақтыда отырғандарды көптеп жұмысқа тарту мәселесі әлі де қарастырылып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.