Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫ

c 22:18, 20/11/2021 c 963

0:00 / 0:00

Шөкеев түркістандықтардың әл-ауқаты жақсы деп санайды. Елордада әкімдердің дәстүрлі брифингі жалғасын табуда. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің журналистермен кездесуі өтіп, өңірдің даму барысы жайында мәлімет берді. Өздеріңізге мәлім, киелі Түркістан қаласында құрылыс жаңғырып, туристердің келуін арттыру мақсатында бірқатар шаруалар қолға алынған. Әкім өңірде бизнес те, өндіріс те дамып жатқанын айтады. Шөкеевтің айтуынша, қазір Түркістанды дамытудың екінші кезеңі басталды. Қаланың әуежайы аумағын, қонақ үйлерін, жылыжайлары мен мал бордақылау орындарын қамту үшін бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Соңғы 3 жылда облыс экономикасына инвестиция 1,4 трлн болып, 5 есеге өскен. Жалпы, облыс құрылғалы бері құны 396 млрд теңгеге 6 300 жұмыс орнын ашылып, 114 инвестициялық жоба іске қосылды дейді әкім.

Дәстүрлі әкімдер брифингінің бұл жолғы қонағы –киелі Түркістан өңірінің басшысы Өмірзақ Шөкеев болды. Әкім әдеттегідей, облысты дамытуда атқарып жатқан жұмыстарын баяндап шықты. Әрине оңтүстік өңірде сауда-саттық қызығын, бизнесі өрлеп тұр екен. Өндіріс те қарқындай бастапты. Ал аймаққа құйылып жатқан инфестиция көлемі триллионның үстінде. Қазір әкімдік Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне кіріскен. Киелі жерге туристердің келуін арттыру үшін қалада бірқатар нысандар бой көтергені мәлім. Енді екінші кезеңіне құйылатын қаражаттың көлемі 1,3 трлн теңге болса, оның 1 трлн теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болып отыр. Жалпы облыс бойынша өндіріс саласын қайта құру жұмыстары да жүргізіледі дейді Шөкеев.

Осылайша өзі басқарып отырған өңірді гүлдендіріп отырған әкімнің жеке табысын да білгіміз келді. Түркістан облысы ең төменгі жалақы алатын өңірлер рейтингінде. Жалақы көлемі 181 мың теңгені құрайды. Бұл орайда тілшілер 1 миллион 800 мың теңге жалақы алатын әкімге айлығыңыз облыс тұрғындарының орташа жалақысынан тым көп емес пе деген сұрақ қойды. Шөкеевтің айтуынша, Түркістан облысын ең кедей деп айту дұрыс емес.

 ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ "Бұл статистикалық көрсеткіш – жан басына шаққандағы табыс. Бізде көпбалалы отбасы көп болғандықтан, табыс аз. Барлық көпбалалы отбасылардың үштен бір бөлігі Түркістан облысында тұрады. Ата-ана табысын алғанда олардың тапқанының барлығын бала санына бөледі. Сондықтан жан басына шаққандағы орташа табыс төмен болып шығатыны анық. Менің жалақыма келетін болсақ, бұл Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Алгоритм бар. Жалақыны жоғары тұрған орган белгілейді және барлық әкім қанша жалақы алатынын шын айтып берді"

Өмірзақ Шөкеев облыс тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететінін айтты. Өңірдегі жалпы өңірлік өнімнің 80 пайызын аграрлық өнеркәсіп құрайды. Ал ауыл шаруашылығында, оның айтуынша, экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда табыс әлдеқайда төмен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.