Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туризмді дамыту қолға алынды

c 19:28, 08/04/2021 c 809

0:00 / 0:00

Қазақстанда туризм саласы әлі де болса ақсап тұр. Туризмді дамытуға кедергі болып отырған бірінші проблема-инфрақұрылым. Тарихи мұраларға толы, табиғаты сұлу жерімізді әлемге таныту мақсатында туристердің келуін арттыру мақсаты тұр. Ол үшін келушілерге жағдай жасау керек. Сенатта «Туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Бұл құжат ел туризмін дамытуға жол ашады деген сенім бар.

Көптеген елдер  турзимнің арқасында экономикасын дамытып отыр.  Қазақстанның да туризм саласын дамытуға мүмкіндігі баршылық. Дархан даламыз тарихи мұраға толы, табиғаттың берген байлығынан кенде емес. Сол қолда барды көрестіп, әлемге таныту үшін шетеледен келетін туристер санын арттыру қажет. Шетел түгілі ішкі туристердің өзі инфрақұрылымға көп шағымданады. Демалыс орындарында қызмет көресту жұмыстары сапасыз. Бағасы тым шарықтап кеткен. Халықаралық сарапшылардың Қазақстан туризміне берген бағасы көңіл қоныштпайды.

Сенат қабырғасында талқыға түсіп, қабылданған  туризмді дамыту заң жобасы осы кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік бермек. Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар жасалады.Сондай-ақ,туризмнің әлеуетін арттыру мақсатында, қосымша қаражат тарту үшін шетелдік туристерден алым алынады. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады дейді министр.

Сондай-ақ, лицензия беру мәселесі де реттеледі. Туристік нысандар салуға кәсіпкерлерді тарту көзі қарастырылған.  Министр  туризмді дамыту шаралары жүзеге асса  қазынаға 135 млрд теңге түсім түседі, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1 000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, туризмнің  жалпы ішкі өнімдегі  үлесін 8  пайызға жеткізу мақсаты тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.