Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ ПАРТИЯДАН ШЫҚТЫ

c 08:36, 27/04/2022 c 653

0:00 / 0:00

Билік партиясында енді Президент көшбасшы болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АMANAT» партиясынан шықты. Партияның бүгін өткен кезектен тыс съезінде Тоқаев өзінің осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім, Президенттің қандай да бір партияда болмауы керектігін ол бұған дейін де айтқан еді. Бұл саяси партиялар арасындағы бәсекелестікті сақтау үшін қажет. Сондай-ақ, аманаттықтардың қатары кеңіді. «Аdal» партиясы «Amanat-қа» қосылды.
Саяси партиялар арасында да ауыс-түйіс орын алып жатыр. Билік партиясы аталып келген АMANAT-ң құрамында енді Президент көшбасшы болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт партиядан шығатынын, төрағалықтан кететінін мәлімдеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ –ҚР ПЕРЗИДЕНТІ «Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін».

Осылайша Тоқаев партиядағы өкілеттілігін тоқтатты. Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түсетін болады дейді. Ал Әділетті Қазақстанды Ата заңға өзгертулер енгізбей құру мүмкін емес деп отыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасында жиі айтылып, азаматтарды мазалап жүрген сұрақтың бірі-Жаңа Қазақстан деген не? сауалына жауап берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ –ҚР ПЕРЗИДЕНТІ "Бүгінде азаматтарымыз "Жаңа Қазақстан деген не?" деген сұрақты жиі қояды. Меніңше, осы сұраққа қысқа әрі нақты жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – бұл шын мәнінде әділ Қазақстан. Біздің азаматтарымызға шынымен де әлеуметтік әділдік жетіспей жатады. Себебі әлі күнге дейін қарапайым адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарайды. Өкінішке қарай, әділетсіздіктің сорақысын мемлекеттік аппарат өкілдерінен көріп жатамыз. Соның салдарынан халық билік институттарына сенбейді".

Енді «АMANAT» партиясын Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов басқаратын болды. Съезд барысындағы тағы бір жаңалық- «АMANAT» партиясына «Adal» партиясы қосылып, қатары кеңіді. Айта кетейік, «Adal» партиясы елде өткен соңғы сайлаудың алдында құрылып, сайлауға түсіп, оларға Парламенттен орын бұйырмай қалған болатын. Сол кезде-ақ, адалдықтар билік партиясының бір бөлімшесі деген пікірлер айтылғанды. Алайда, «Adal» партиясы бұл пікірлерді жоққа шығаруға тырысты. Бүгінгі өткен сьезд жиыны көрсеткендей, дегенмен олар бұрынғы нұротандықтар, қазір аманаттықтардың қатарына еніп кетті. Ал қаңтар трагедиясынан кейін аты мен құрамы өзгерген «АMANAT» партиясының қатарынан біраз мүшесі шығып кеткені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.