Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Той бизнесі наразы

c 12:06, 04/06/2020 c 683

0:00 / 0:00

Елордада тойхана өкілдері бас көтерді. Карантин талаптары бойынша үш айдан артық той, ас беру рәсімдерін өткізе алмай отырған мейрамахана өкілдері шығынға баттық деп даурықты. Бүгін  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі алдына жиналған олар мейрмаханаларда үлкен тойлар мен ас беру рәсіміне рұқсат етуді талап етті. Өздеріңізге мәлім, елде қауіпті індет тарап, бизнестің жағдайы қиындап жатыр. Карантин талаптары бойынша үш айдан бері жабылып қалған тойханалардың банктер алдындағы қарызы өсіп жатыр.

Өздеріңізге мәлім, карантин шаралары жеңілдетіліп қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат бар. Бірақ көпшілік жиналатын ортақ тойлар мен ас беруге рұқсат жоқ. Осылайша мейрамаханалар негізгі табысынан айрылып отыр. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова  мұндай бас қосулар коронавирустың таралуына себеп болуы мүмкін деп сақтық танытуда. Алайда, мейрамхана өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Аты-жөнін айтудан бас тартқан мейрамхана өкілі, барлық бизнес субьектілерінде жұмыс жанданды, тек тойханалар жұмысы тұралап тұр деп ашуланды.

Әкімдік алдына жиналған наразы топқа, жергілікті шенеуніктер шығып, бұл мәселені  санитарлық дәрігер ғана шеше алады деп ақталды. Даурыққан қауымды әкімдік өкілі Руслан Ыдырысов сол жаққа қарай бағыттай салайын деп еді, бірақ әбден ашуланған тойханашылар «бизнесті қолдау сіздің міндет» деп шулады.

Тойға тиым салу жұмыссыздыққа әкеп соғады. Бұдан мейрамхана қожайындары емес, қарапайым қызметкерлері зардап шегеді деді олар.

Не керек, карантинге қарамастан той өткіземіз деп табандап тұрып алған наразы топтан бас санитарлық дәрігердің атына өтініш-талаптарын жазғызып, қабылдап алуға тура келді.

Руслан Ыдырысов – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сауда және қызмет көрсету саласын  дамыту бөлімінің басшысы; «Мен сіздерден өтініш-талаптарыңызды қабылдап алайын. Біз оны санитарлық дәрігермен бірге қарастырамыз.Егер тойхананы ашуға мүмкіндік болса ашамыз. Көптеген бизнес өкілдері бізге шығып жатыр.Негізі 15 күн қаралды, бірақ біз бүгін-ертең жуабын беруге тырысамыз. Қазір нақты ештеңе айта аламймын. Санитарлық норма бар ғой»

Ал той бизнесінің өкілдері ең болмағанда елу адамға дейін той өткізіп, ас беруге рұқсат берсе, барлық санитарлық норманы сақтауға дайынбыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.