Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тегін вакцина кімдерге жасалады?

c 15:36, 18/08/2020 c 455

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 вакцинасы қазақстандықтардың бәріне бірдей тегін салынбайды. Тектәуекел тобына жататын 2,2 миллион адамға ғана вакцина тегін жасалады.Бұл жайында бүгін өткен брифингте министрліктің ресми өкілі бағдат Қожахметов хабарлады. Сондай-ақ, ол денсаулығы бар, жұмыс істеп жүрген адам бұл вакцинаны өз ақшасына салғызған жөн деп санайды. Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған балалар арасында  Кавасаки синдромы анықталып жатқаны мәлім. Министрлік Қазақстанда кавасаки синдромына  ұқсас дертке шалдыққан 11 бала тіркеліп, олардың үшеуі жазылып шыққанын хабарлап отыр.

Қауіпті індет коронавирустан қорғалудың бір жолы - COVID-19 вакцинасын әлем халқы күтіп отырғаны мәлім. Ғалымдар қауіпті дертке қарсы вакцина жасап жатыр. Ендігі көптеген елдер өз жетістігін жарыса жариялап жатыр. Қазақстанда  әзірге жаппай салынатын дайын екпе жоқ. Дегенмен,  еліміздің денсаулық министрлігі  COVID-19-ға қарсы вакцина қазақстандықтарға тегін салынбайтынын хабарлап отыр. Тек тәуекел топтағы 2,2 миллион адам ғана тегін вакцинаға қол жеткізеді. Бұл 19 млн халықтың 10 пайзы ғана. Брифинг барысында журналистер тарапынан індетке қарсы вакцинаны  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен  жасау ұсынылған еді. Ресми өкілі дені сау, жұмысы бар адам өз ақшасына екпе салдырғаны жөн дегенді айтты.

Бағдат Қожахметов – Қр Дсм ресми өкілі "Тәуекел тобындағы  - 2,2 миллион адам бар. Оған созылмалы жүрек-тамыр аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Сондықтан сау адамдарға сол қауіп тобына жатуға тырысудың керегі бар ма? Белгілі бір әлеуметтік ереже мен заңдар бар ғой. Меніңше дені сау, жұмысы бар адам өз ақшасына екпе салдыруы керек. Бұл менің жеке ұстанымым. Саналы азамат менің ұстанымыммен келісуі керек деген ойдамын».

Ресми өкіл айтқандай саналы адамдар, міндетті медициналық сақтандыру қорына төлеп жатқан жарнасын қауіпті індетке қарсы екпеге де пайдалана алмайтын сияқты. Ал індет жұқтырған балалардың мәселесіне келсек. Соңғы кезде сирек кездесетін Кавасаки синдромына ұқсас дертке шалдыққан балалар тіркеле басталды. Қазір елде 11 бала тіркелгіп, олардың үшеуі жазылып шықты.

Бағдат Қожахметов – Қр Дсм ресми өкілі "11 бала тіркелді. Үшеуі Нұр-Сұлтанда аман-есен жазылып шықты, тағы екі бала Ақтөбеде, Қарағандыда және Алматыда. Олардың екеуі 1-5 жас аралығында, қалған 9 бала 5-17 жас аралығында, яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Соған ұқсас ауру деп есептеледі

Қожахметовтің айтуынша, бұл індет көп жағдайда 5 жасқа толмаған балаларда кездеседі. Ал Кавасаки синдромына ұсқас ауруға шалдыққан балалардың көбісі бес жастан асқан. Осы мәселе қатысты профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылғанды. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.