Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАСҚЫН СУМЕН КҮРЕС

c 14:21, 09/04 c 20

0:00 / 0:00

Елдің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланып, тасқын сумен күрес жүріп жатыр. Ахуал қиындап тұр. Барлық күштік құрылымдар судың бетін қайтаруға күш салуда. Су министрлігінің мәліметінше, елдегі тасқын жүріп жатқан өңірлерде су қоймалары арнасына толған. Қостанай облысының Қаратомар су қоймасы 99% толды. Тобыл өзенінің көтерілуіне байланысты Қостанай облысындағы ахуал қауіпті деп отыр төтеншеліктер.Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 3820 текше метр су жіберіледі. Петропавл су қоймасы 100% толды. Астана су қоймасы транзиттік режимге көшті. Қазір секундына 400 текше метр су жіберіліп жатыр және сол көлемде тағы су келіп жатыр. Ақмола облысының Сілеті су қоймасы 99,4% толды. Батыс Қазақстан облысына келсек,әлі күнге дейін Шаған өзені деңгейінің көтерілуі байқалады, мұнда секундына 680 текше метр су жіберіліп жатыр. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. Ақтөбе, облысында да су қоймасы 97% толды. Биылғы көктем қазақстандықтар үшін оңайға түсіп жатқан жоқ. Төтеншеліктердің мәліметінше, жалпы су тасқыны басталғалы 70 мың адам құтқарылған. Бүгінгі мәліметте Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 3745 жеке тұрғын үй , 421 аула аумағы су астында қалуда. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда. Үкімет мүшелері түгел су басқан аймақтарда жағдайды бақылауда. Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласына су кіріп, 2680 үйді су басты. Атырауда өңіріне сапарында үкімет басшысы республикалық штабтың отырысын өткізіп, халық тасқын судың зардабын шегіп жатқанда азық-түлік бағасын көтеріп жіберген аймақтар барын айтты.

Су басқан аймақты аралау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды. Жергілікті тұрғындармен кездесуінде вице-премьер тасқын судан зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Үлкен судың келуіне 7-8 күн бар. Сергеевка су қоймасына келген судың көлемі 3 метрден асып тұр. 4 метрге дейін жетуі мүмкін. 2017 жылдағыдан да көп су келеді деп күтілуде. Бүгін барлық құрылыс, жол салып жатқан компаниялардың жұмыстарын уақытша тоқтатып, тасқын судың бетін қайтарумен күресуге жұмылдырып жатырмыз»

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын қарап шықты. Астана қаласы арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар, Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше Астана қаласын су басу қаупі жоқ. Дегенмен, қалаға жақын ауылдардың маңын су алып жатыр. Тасқын судың беті мұнымен қайтпайды. Ақмола мен Ақтөбе облыстарына су көп келеді. Атырауға да Ресейден үлкен су келеді деген болжам бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.