Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тән саулығын іздегендер

c 14:19, 19/06/2018 c 894

0:00 / 0:00

Оралдағы Атоян стадионында халықаралық йога күні аталып өтті. Тұрғындар таңғы сағат сегізден саябаққа жиналып, шығыс өнеріне қанықты. Ауқымды бұқаралық шара шаһарымызда осымен 3ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Халықаралық йога күні 2014 жылы біріккен ұлттар ұйымымен бекітілген болатын. Жан мен тән үйлесім табатын шығыстың бұл өнеріне қызығатын жандар Оралда да баршылық. Йога күнінде қаламыздың бірқатар спорт алаңдарына арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, йоганың қыр-сыры түсіндірілді.

Маргарита Булдакова, шара ұйымдастырушысы
Бұл шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. йога - 5000 жыл бұрын пайда болған Үндістанның ежелгі мұрасы. Бұл іс-шарада осы мұраға қызығушылық танытатындар бас қосады, бірінші кезекте тәжірибе жинағандар және йоганы үнемі өткізетін адамдар жиналады. Бұл, әрине, салауатты өмір салтын ұстанатын барлық тұрғындар үшін үлкен мереке

Балалар да ересектер де көрерменге өз өнерін паш етіп жатты. Ал мерекенің басты ерекшелігі үнді биінен қойылған флешмоб болды.

Эльвира Умарова, шара қонағы
Мені сезім кернеп тұр. Йогаға қатысқалы бері барлығы өзгерген сияқты. Өзімді бақытты сезінемін, көңіл күйім көтеріледі. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін! Керемет мереке болды, көп сыйлықтар берілді.

Мамандар спорттық йога дененің иілгіштігін дамытатынын айтады. Уақыт өте келе денеңізге «жан біткендей» болып, бұлшықет тіндері жұмсарып, созылғыш болады және сіңір, тамырлар ауруы басылады екен. Ағзаға оң әсерін беріп, стресстің алдын алады. Спорттық йогамен айналысу ересектерге де, балаларға да, тіпті екіқабат әйелдерге де пайдасын береді.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.