Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

c 08:26, 27/04/2022 c 648

0:00 / 0:00

Қазақстанда газ бағасы 2024 жылдан кейін өседі. Энергеткиа министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, экспорттық түсімдердің жоғарылауына байланысты ел ішінде бағаның төмен деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік туды. Бірақ ішкі тұтыну өсіп жатыр, ал газ өндірісі өспейді, сондықтан экспортты қысқартуға мәжбүр болып отыр. Ал газ экспорты 2024 жылдан кейін нөлге түседі , экспорт болмайды, сондықтан Қазақстанда төмен бағаны ынталандыратын көз болмайды. Газдың бағасын көтеруге тура келеді, - дейді бас энергетик. Ал ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев ел нарығында 100% қамтамасыз етілмеген азық-түліктерді атады. Үкіметтің отырысында талқыланған мәселелер бойынша Әселім Қалкен тарқатады.
Айта кетейік, қаңтардағы толқулар газ бағасының қымбаттауынан бастау алғанды. Енді үкіметтегілер тағы да газ қымбаттауы мүмкін деп отыр. Оның себебін олар, газ өндірісінің жоғымен түсіндіреді. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, газ экспортынан түскен түсім есебінен ішкі нарықта газдың бағасын төмендедіп ұстап тұрдық. Қазір Қазақстанда газ арзан. Алайда, елде газға сұраныс өсіп отыр. Ал газ өндіру артып жатқан жоқ. Сол себепті, Қазақстан газ экспортын шектеуге мәжбүр. Осылайша, үкімет 2024 жылдан бастап экспортты тоқтатпақшы.

Министрдің пайымдауынша, газ экспорт 2024 жылдан кейін нөлге түседі. Экспорт болмайды, сондықтан Қазақстанда төмен бағаны ынталандыратын көз болмайды. Бұл газдың бағасын қымбаттауына әкеп соғады.

Сенатор Ерік Сұлтанов бұған дейін ел ішінде газ бағасы 60 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда, министр Ақшолақов бұл орташа көрсеткіш деп отыр. Министрлік қазір барлық есептеуді жүргізіп жатыр . Кәсіпорындар үшін екі есе өсім боулы мүмкін, халық үшін басқа баға болады, бұл сегменттелген және бар нәрсеге негізделуі керек. Бірақ арзан өнімдер үнемдеуге әкелмейді деді энерегтика министрі. Өкінішке орай газ ғана емес, азық-түлік бағасы да қымбаттайды. Ауыл шаруашылық министрі Қарашөкеев импортқа тәуелділіктен арыла алмай отырмыз деп ақталды. Ел нарығында 100% қамтамасыз етілмеген азық-түліктер бар дейді ол. Дүкен сөрелерінде көздің ажуын алатын тауралардың басым бөлігі сырттан тасымалданады.

Тек көрші Ресейден келетін тамақ түрлері ел нарығын басып алған. Яғни Ресей азық-түлік тауар айналымы бойынша Қазақстанның негізгі серіктесі. Жалпы елімізге импортпен келетін азық-түліктің көлемі 4,9 млрд долларды құраса, оның 2,6 млрд доллары Ресейден әкелінетін тамаққа тиесілі. Үкіметтің есебіне сенсек, жылда отандық өнімді өндіруді дамытып жатырмыз. Алайда 10 жылда азық-түлік импорты тағы 2 млрд долларға артты. Яғни біз өз нарығымызды отандық өніммен толық қамти алмай отырмыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.