Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Табиғаттың тосын мінезінің зардабы

c 17:17, 18/07/2018 c 861

0:00 / 0:00

Орал қаласында бұршақ аралас дауылды нөсер кезінде 23 қураған кәрі терек сынып, құлаған. Абырой болғанда бұл жолы айтарлықтай зардап шеккендер жоқ. Осыған дейін құлаған терек автокөлікті басып қалып, аулалар мен жарық сымдарын зақымдау сынды жағлайдар тіркелген болатын. Бүгінде "Жайық таза қала" ЖШС нөсер салдарын жою үшін жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ жаңбыр суы толған бітеу арықтар тазаланып, қала көшелері ретке келтірілуде.

Әп-сәтте бұршақ аралас дауылды нөсер ала құйындата жауып, сол мезетте көшеде панасыз қалған жанды еріксіз үрейлендірді. Күн күркіреп, ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетті. Нөсердің салдарын жою мақсатында бүгінде бірнеше жасақ жұмыс жасауда. Бұл жолы зардап шектім деушілер мен шағын келтірілді деп шағымданушылар әзірге болмаған. Жасыл желеккке бөленген қаламызда қурап тұрған кәрі теректер көп. Тұрғындарды алаңдатып отырғаны-тағы да дауыл бола қалса осы теректерден келетін қауіп.

Мұндай жағдайда әсіресе тұрғын үй аулаларындағы кәрі теректерден келетін қауіп жоғары. Сондықтан тұрғындар қоғамдық орындардағы кәрі теректерді жан баласы зардап шекпей тұрып кесіп, коммуналдықтар қауіпсіздік шараларын күшейтсе деген тілектерін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.