Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Судьялардың заңсыз әрекеті

c 11:00, 05/06/2020 c 611

0:00 / 0:00

Парламент сенаты қазақстандық судьялардың өкілеттігін кеңейтуді көздейтін заңды екі оқылымда да қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында  «Азаматтық процессуалдық кодекске соттар жұмысының заманауи форматын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заңнама  судьялардың өз ісіне адалдығын сақтауға мүмкіндік береді.

Судьялар шешім шығарарда тараптардың талабына тіреліп қалмауы керек.  Судья процесте дербестік танытуы қажет. Көп жағдайда  судья істі қараған кезде оған тереңірек үңілмей, ұсынылған дәлелдермен шешім шығара салады.   Себебі олардың басқа дәлел іздеуге құқы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін судьяның процестегі рөлін түбегейлі өзгерту ұсынылып отыр. Яғни, судья процессуалды жағынан еркін болуы тиіс. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеймін десе де, өзі анықтауы керек. Сондай-ақ, енді судьялар Азаматтық процессуалдық кодекс бойынша шешім шығарар алдында ақылдасу бөлмесіне бармайды.

Сенат қабылдаған заң жобасы соттардың жұмысын заманауи форматқа көшіріп азаматтық процессуалдық тиімділікті арттыруға, сот ісін жүргізуді цифрландыруға мүмкіндік береді. Айтпақшы, әділ үкім күткен кейбір судьялар жемқорлықтан  ада емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі келтірген мәліметтер соның бір дәлелі.

Данияр Бегайдар – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің тергеушісі;  «Түркістан қаласына іс сапармен барған жоғарғы сот судьялары қарсы алушылардан метриалдық қолдау алған. Облыстық сот өкілдері оларды қаладағы қымбат мейрамханаға апарып, виб-бөлмелерде түскі, кешкі ас ішкізген. Судьялар  кітап түрінде сыйлық алған.  Жоғары лауазымын пайдаланып қарсы алушылардың көлігін өз жеке шаруасына пайдаланған»

Ал алматылық судьялар парақорлыққа жол берген.

Данияр Бегайдар – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің тергеушісі; «Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының судьясы Батырханов Медеу аудандың сотының үкімімен 4 жылға сотталды. Ол Қоңыртаевтан жер теліміне қатысты оң шешім шығарып бергені үшін 850 мың теңге пара алған»

Сот саласын реформалауда судьялардың жемқорлыққа бармауы үшін,  жалақысын да айтарлықтай  өсірген еді. Алайда, алтын көрсе періште жолынан таяды демекші, кейбір судьялар  пара алуда қолын тартып қала алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.