Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАН ҚАУІП СЕЙІЛЕР ЕМЕС

c 14:38, 03/04 c 20

0:00 / 0:00

Судан келген қауіп сейілер емес. Су тасқының жағдайы тұрақты болғанымен әлі де күрделі. Төтеншеліктердің айтуынша, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Бүгінгі күні су басу аймағында 5 облыс бар. Әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай әлі де күрделі. Бұл жерлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Экология министрін тыңдасаңыз қазір еліміздің 7 өңіріндегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Батыс аймақтарда су аздап төмендегенімен, Орал қаласына қауіп бар. Көрші Ресейден келген судан Жайық арнасынан асып кетуі ықтимал. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі әрі қауіпті белгілерден асуы байқалады. Ал ерігне қар суына ие бола алмаған әкіМдіктер, кезінде Қазгидрометтің ескерутіне құлақ аспаған деп отыр Ерлан Нысанбаев. Оның айтуынша, желтоқсан айында өңірлер бойынша су басу қаупі бар учаскелер айқындалып, желтоқсан, ақпан және наурыз айларының басындағы болжамдарда көрсетілген және әкімдіктер мен орталық органдарға жолданған болатын.

Болжамға сәйкес 10-ы сәуірге дейін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің көп бөлігінде жауын-шашын көп болады.

Ал топан судың астында қалған мыңдаған үйді кім салып береді? баспанасыз қалған халыққа үй салып беруге қанша қаражат қажет? Құрлыс үшін жауап беретін министр Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен үйлердің орнына салынатын бір жаңа үйдің құны 22 млн теңге болады деп отыр.

Топан судың келерін болжап, тиісті шара қабылдамаған су министрі Президенттен қатаң сөгіс ала отырып, қара халықтың басына түскен қиыншылық үшін жауапкерілікті мойнына ала ма?

Сондай-ақ, су министрі Нұржігітов мәдениеттілік танытып, өз қалауымен жылы орнынан кете қоймасы анық. Министр болғанына 6 ай болған ол жұмсақ креслосымен қоштасуға дайын емес сияқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.