Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық

c 15:18, 24/03/2021 c 379

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтанда 29 участокті су басуы мүмкін. Дегенмен  ел астанасы көктемнің әлегі-су тасқынына сақадай сай. Бұл жайында елорданың төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы хабарлады. Төтеншеліктердің айтуынша, астанада былтырға қарағанда биыл қар 80 пайызға аз түскен. Сондықтан қала тұрғындары көктемде су кешпейді деп сендіреді. Ал күні кеше ғана күні бойы тоқтаусыз жауған қар мен ақтүтек боран елордалықтарды әбден әбігерге салды. Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте айлық нормадан көп қар жауды. Коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 23 наурызда елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм артық. Ал  өткен тәуліктің ішінде елордада 75 жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласы су  тасқынына дайындықты күшейтіп жатыр. Қазгидромед болжағандай, наурыз айының соңында ауа райы құбылмалы, қарлы, жауын-шашынды болып тұр.Ал демалыс күндерінен кейін күн күрт жылиды деп күтілуде. Қыс басталғалы қалада 1 млн 400 мыңғы жуық текше метр қар шығарылған. Ал өткен жылы қалада 6 млн текше метр қар шығарылған болса, биыл 80 пайызға аз түсті.  Дегенмен, қалада 29 участок бойынша су басу қаупі бар.

Не керек, елорданың құтқарушылары көктемнің әлегіне сақадай саймыз деп отыр. Техника да, су басқан жағдайда тұрғындарды уақытша көшіру орындары да дайын дейді.

Нұр-Сұлтанға көктем кеш келетіні мәлім. Күн жылып, қар ери бастағанда көктем келіп қалған екен деген қалалалықтардың үміті су сепкендей басылды. Өткен тәулікте тоқтаусыз жауған қар мен ақтүтек боран елордалықтардың есін шығарды. Көше тазалаушы техника жолдағы қарды жинап үлгермей жатты. Өткен тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтанда 75 жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер жоқ.

Ал кешегі ақталқан боранның салдарынан Нұр-Cұлтан әуежайында 9 рейс кешіктіріліп, 6 рейс тоқтатылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды. Бүгін Назарбаев әуежайының жұмысы қайта жанданды деп хабарлайды, әуежайдың баспасөз қызметі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.