Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тасқынына дайын бол

c 18:45, 10/03/2020 c 466

0:00 / 0:00

Көктемнің әлегіне дайын болмағандар жазаланады. Күн жылып, қар еріп,  су тасыған сәтке жергілікті басқару орган дайын болмай шықса жазаланады. Ал адам шығыны орын алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Облыс, қала, аудан, ауыл әкімдеріне төтенше жағдайға сақадай сай болу міндеттеліп отыр. Төтенше жағдайлар комитетінің болжамынша, әзірге төрт облыс бойынша су тасқыны болады деген қауіп бар. Бұлар-Ақмола, Қарағанды, Солтүстік-қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Биылғы қыстың қары қалың, бораны жойқын болды. Көптеген аймақтарда жауған қардың қалыңдығы шамадан тыс. Бұл соңғы он жылда болмаған жағдай. Қалың қардың еріп, тасқын суға айналатыны сөзсіз. Ал жақын күндері ауа-райы күрт жылиды деген болжам бар. Су тасқынына қажетті шығындарға бюджеттен млрдтар бөлінген. Дегенмен, жергілікті жерлердегі әкімдер қалың қардың арты неге әкеп соғатыны сезбей отырған сияқты. Қыс бойы қала болсын, аудан,ауыл көшелерінде қар дұрыс тазаланған жоқ. Енді қыстап шыққан қар көл-көсір суға айналады.

Юрий Ильин – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «Әкімдерге хабар бердік. Көктемге адйныдықты күшейту керек. Қазір барлығын бақылаудамыз, тіпті прокуратура бақылауда ұстап отыр. Егер су тасқынына байланысты  тиісті шешім қабылданбаған жағдайда  әкімдер жауапқа тартылады. Құдай сақтасын, бірақ адам шығын болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жергілікті орган басшыларында  уақыт аз».

Ендігі мәлім болғандай 9 облыс су тасқының алдын алу шараларын қамтымаған. Бұл осы аймақтарды су басу қаупін тудырып отыр. Қазір басты міндет ауылды мекендердегі қарды тазалау. Мұндай қалың қар ел ордасы Нұр-Сұлтанда да жеткілікті. Тіпті қала маңындағы ауылдарда да қар көп. Егер ауылдар су астында қалатын болса, аудан әкімдері жауапқа тартылады.

Юрий Ильин – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «Адамдар үйлерінің ауласындағы қарды өзі тазалауы керек, ал көшедегі қарды әкімдік тазалауы қажет. Егер ақша қажет болса ауыл әкімдері облыстан сұрасын, облыс үкіметтен сұрасын. Оған бөлінген қаржы бар. Қазір Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланған»

Көктем болса келіп жетті. Қар еріп жатыр. Көктемнің әлегіне қай облыстың қалай дайындалғанын уақыт көрсетеді. Әзірге қазақстандықтарға тасқын суға дайын болуға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.