Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫ КҮШЕЙІП ЖАТЫР

c 00:24, 29/03 c 49

0:00 / 0:00

«Қазгидромет» наурыз айының басында еліміздің Абай, Алматы, ШҚО, БҚО,Ақмола, Ақтөбе,Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу өңірлерінде су басу қауіп барын болжаған еді. өкінішке орай бұл болжам тура келді. Қазақстанның шығысы, батысы, солтүстігі мен орталығында су тасып жатыр. Еріген қар суы жолындағы ауылдарды, автожолдарды түгел шайып кетті. Ауыл-аймақтарды су басып, үйі мен малынан айырылған жұрт бас сауғалап қауіпсіз жерлерге кетіп жатыр. Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы қыстақтардың тұрғындарын тікұшақпен көшіруге тура келді. Құтқарушылар Қызыл жұлдыз және Екіді ауылдарының тұрғындарын лебедкамен әскери тікұшаққа көтеріп алуға мәжбүр болды. Айта кетейік, эвакуация су бетінің үстінде ілулі режимде орындалды. Қостанай облысының бірнеше ауылдарынан 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу үшін Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау облысы төтеншеліктері жіберілді. Алматыдан да қосымша күштер Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жоюға бағытталады. Тізе берсек, еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны күшейіп тұр. Ақтөбе қаласында сазды өзені арнасынан тасып, шаһарды су басып, қоғамдық көліктер суда жүзіп жүр. Көктемнің әлегімен күресіп жатқан төтеншеліктер шаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар аймаққа кіреді. Облыстың негізгі су көзі – Есіл өзені үш су қоймасы: Астана, Сергеев және Петропавл су тораптарымен реттеледі.Өңірге жұмыс сапарымен барған үкімет басшысы өңірдегі су қоймаларының ағымдағы жағдайын тексерді. Қазіргі уақытта ол қалыпты жағдайда және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үкімет басшысы тасқын судың зардабын шеккендерге көмек көрсетіледі деп жұбатады.

Көкшетау қаласында да су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр. Өзен арнасынан тасып, жер үйлер мен аулаларды, көпқабатты тұрғын үйлердің аймағын су басқан. Бұл жерде де арықтарды кеңейтіп, инертті материалдар құйылып жатыр. Абай облысындағы жарма ауданында жағдай ушықты. Еріген қар суы Үшбиік ауылына кірді. Ұлытау облысының Жезді кентінде де су басу қаупі тіркеліп, 128 адам қаупсіз жерге көшірілді, су айдау жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.