Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Студенттер шағымы

c 19:09, 07/09/2020 c 513

0:00 / 0:00

«Астана» университеті студенттері оқу ордасына шағымданды.Студенттер аталмыш университет олардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ оқу процесін бұзып отыр деп шағымданған. 14 студент қол қойған шағым Білім және ғылым министрлігіне жолданды. Бүгін осы мәселеге қатысты Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орнына тексеріспен барды. Алайда, жоспардан тыс тексеруге дайны болғана Астана университетінде бірде-бір басшы жұмыс орнында болмай шықты. Ал университет заңгері болса ат-тонын ала қашты.

Білім министрлігіне елордадағы «Астана» университетінің студенттері атынан шағым түсті. Өтінішке 4 курсқа өткен 14 студент қол қойған. Онда студенттер ұстаздарының жұмыстан босатылғанын, дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшілерінің болмауы және бітірушілердің дипломдарын ала аламй жүргендері айтылған. Сондай-ақ, студенттер басқа ЖОО-на ауысу үшін керекті құжаттарды ала алмай жүр. Университеттің жауапсыз әрекетінен шаршаған студенттер білім министрлігінен көмек сұрап отыр. Халықаралық қатынастар факультетінде оқитын Зарина оқу ақысы жылына орташа есеппен 450 мың теңгені құарйды дейді. Ендігі дипломын ала алмай жүргендерді көріп, күмәнданып отыр.

Студенттердің жанайқайынан соң, министрлік бірден аталмыш оқу орнын тексеруге кірісті. Жоспардан тыс тексеруге келген жұмыс тобы 5 күн бойы тексеріс жүргізбек. Алайда, министрлік өкілдерін алдарынан шығып, құшағын жая қарсы алған ешкім болмады. ЖОО бірде-бір басшысы жұмыс орнында болмай шықты. Университет заңгері болса, ат-тонын ала қашты.

Осылайша тексеріске кедергі келтіргені үшін, комиссия онда әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырып, материалдарды жинап, істі сотқа жолдаймыз деп отыр. Дау-дамайдан соң, студентттер мен комиссияның алдына университет өкілі шықты. Ол 10 қыркүйектен бастап оқу басталады, тамыздың 11-13 аралығында аттестациядан өттік деп ақталды.

Алайда, бұл «Астана» университетіне келіп түскен алғашқы шағым емес. Бұған дейін де түскен шағымдар бойынша білім ордасы тексеріске қарсылық білдірген екен.

Егер тексеріс барысында студенттердің шағымы расталса, университетке айыппұл салынады. Лицензиясы алты айға дейін тоқтатылады. Осы уақыт ішінде ескертулерді жоймаса, жоғарғы оқу орны білім беру құқығынан айырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.