Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Статистика мәселені шеше ме?

c 20:54, 18/07/2020 c 538

0:00 / 0:00

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар мен пневманиямен ауырғандардың статистикасы брііктіріледі. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметкепандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын. Бүгін онлайн бриифнгке шыққан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  коронавирус пен пневманияның статистикасын біріктіру Қазақстанның халықаралық рейтингтегі позициясын нашарлатады, дегенмен бұл қадамға барсақ ғана нәтижеге қол жеткіземіз деді. Осылайша денсаулық сақату министрлігіне енді ақпараттық ақиқатын жариялауға тура келеді.  Осы уақытқа дейін коронавирус індетінен елде 40 256 науқас жазылып шығып, 464 адам қайтыс болды, дейді министр.

Күні кеше ел Президентті Тивттер желісінде Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді тапсырғанды. Қасым-Жомарт Тоқаев кеше түнде жазған  жазбасында азаматтардың денсаулығына коронавирустан бөлек өкпенің қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.Пандемия туралы ақпарат қанша жерден ащы болса да қоғам білуі тисі деді. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой перзиденттің тарсырмасын орындауға кірісіп жатқанын мәлімдеді. Алайда министрмен өткен онлайн бриифнгте сұрақ қоюға тиым салынды.Енді ковид пен пнеавманияның сатистикасын біріктіретін болды. Алексей Цой ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен жүргізілген кеңестерді ескере отырып,  COVID-19 жағдайларын есепке алу үшін жаңа кодтауға көшу туралы шешім қабылдадық деп отыр.

Алексей Цой –ҚР денсаулық сақтау министрі «Осылайша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктірілетән болады».

Дегенмен Цой мырза қкоронавирус бойынша статистканың айтарлықтай ашық болмағанын мойындап отыр. Министр Президенттің коронавирус пен пнеавмания статистикасын біріктіру туралы талабы енді дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді дейді.

Алексей Цой- ҚР денсаулық сақтау министрі «Денсаулық сақтау министрлігі статистиканы біріктіру халықаралық рейтингте Қазақстанның коронавирустың инфекция жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар бойынша позициясының нашарлағанын көрсететін түсініп отыр.Дегенмен, бұл қадам ауырығандар бойынша дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қажетті ресурстармен дұрыс қамтуға,медицина мамандарын тартуға,ауруханада орындар дайныдауға,медициналық жабдықтармен, дәрімен қамтуға және статистиканың ашықтығын жариялауға мүмкіндік береді»

Соңғы мәліметті жариялаған министр елде 66 895 науқас тіркелсе, оның  26 175-і ем алып жатыр. 40 256 науқас жазылып шықты. Өкінішке орай індеттен көз жұмғандар саны  464 құрады дейді.

Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 700-1 800 адам анықталып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.