Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшылардың жаңа киім үлгісі таныстырылды

c 09:13, 03/07/2021 c 880

0:00 / 0:00

Қазақстанның ұлттық құрамасы ағымдағы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға сақадай сай. Бүгін Ұлттық Құрама мүшелерін  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қабылдады. Спортшыларға спорттық додада жеңіс тілеп, еліміздің көк байрағын ұсынды.

Еске сала кетейік, Жапонияның Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы өту керектін. Алайда  әлемді жайлаған қауіпті індетке байланысты  бұл айтулы шара биылға ысырылған болатын. Токиодағы Олимпиада ойындарына Қазақстанның құрама командасы әбден дайындалды.  Қазір спортшылар  Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында Токиоға аттанар алдындағы соңғы жаттығулардан өтіп жатыр. Бүгін Ақордада ел Президенті осы ұлттық құрамның мүшелерімен кездесті, басым бөлігі телекөпір арқылы қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Ел спортшыларына жеңіс тіледі.

Дәстүр бойынша Токиоға еліміздің көк байрағын ұстап бару мәртебесі әйгілі спортшылар- жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа бұйырды.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында 32 спорттың түрінде өнер көресетеді.

Токиода өтетін Олимпиада ойындарын ағымдағы жылдың 23  шілдесі мен 8 тамыз аралығында тамашалай аламыз. Спортшыларымыз бұл додадан қанжығасы майланып келетініне сенімді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасына киіп баратын жаңа киім үлгісі таныстырылды. Спортшылардың киімін қазақстандық және шетелдік мамандар дайындаған. Форма Испанияда тігілді. Бұл жолы отандық спортшылар форманың дизайны, матаның сапасы мен тігін бұйымдарын «өзіміз таңдадық» деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.