Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?

c 10:22, 02/03/2022 c 503

0:00 / 0:00

Үкімет Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс, антиресейлік санкциялар Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған орай Ұлттық банк пен Үкімет бірлескен шараларды қолға алуды. Бүгінгі отырысты осы мәселеден бастады. Еліміздің бас банкирі Ғалымжан Пірматов геосаяси жағдайдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялар салынуы біздің экономикамызға да әсер етіп жатыр. Ресей рублінің айтарлықтай әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанның қаржы нарығына қысым күшейіп отыр деді.
Сыртқы күйзелістің жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында Ұлттық банк инфляцияның айтарлықтай өсу тәуекелдерін азайтуға, теңге жинақтарын қорғауға және елдің алтын-валюта резервтерін ұтымды пайдалануға бағытталған кешенді шараларды жүргізіп жатырмыз дейді бас банкир. Өкінішке орай антиресейлік санкциялар Қазақстан экономикасына кері әсер етуде. Дегенмен, бұл дағдарыстан да шығамыз деп сендіреді Пірматов мырза.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтеру туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл ұлттық валютаға қысым мен инфляцияны төмендетуге, сондай-ақ теңге активтерін сақтап қалу үшін жасалды. Өздеріңізге мәлім, доллар шарықтап, теңге құны төмендеді. Оған қоса ресей рублінің де әлсіреуі еліміздің қаржы нарығына қысымды ұлғайтып отыр. Осыған орай ұлттық банк 176 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкциялық соққылары Қазақстан экономикасына да кері әсер ететіне сөзсіз. Оған қоса, біздің ел Ресеймен Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кеден Одағы және ҰҚШҰ арқылы тығыз байланып отыр. Біздің тауар айналым 10 миллардттаған долларды құрайды. Егер Украинадағы жағдай кеңауқымды соғысқа ұласса, батыс жағы мұнай және газ экспортына тиым салуы да мүмкін. Бұндай шешім Қазақстан экономикасы үшін үлкен соққы болады.

Осылайша Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.