Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕШІМІ ТАБЫЛМАЙ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕ КӨП

c 08:25, 07/04/2022 c 476

0:00 / 0:00

Өңірлерде шешімі табылмай жатқан мәселе шаша етектен дейді мәжіліс депутаттары. Аймақтарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтқан депутаттар халықтың шағымы бойынша үкіметтің есебін тыңдады. Осылайша өңірлерден 2 мыңға жуық сұрақ келіп түскен. Бүгін Парламент Мәжілісіне Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған министрлер кабинеті түгел келіп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Елімізде әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселе шаш етектен. Жұмыссыздық, медициналық көмек көрсету, әлеуметтік төлемдердің аздығы, қымбатшылықтан қалтасы жұқарған халықтың тұрмысының нашарлауы, жастар мәселесі, сапасыз білім, тізе берсек шешілмеген мәселе көп. Азық-түлік бағасы шарықтап тұрғанда қазақстандықтардың тапқан табысының жартысынан көбі тамаққа жұмсалып жатыр. Депутаттарды азық-түлік қауіпсіздігін қамту мәселесі мазалады. Алайда сауда министрінен мардымды жауап ала-алмады.

Өкінішке орай ресми статистика елдегі жұмыссыздар санын шынайы көрсетпейді. Есесіне өзін-өзі қамтып отырғандарды да жұмысбастылар есебіне жатқызып отыр. Пандемия барысында мыңдаған адам табысын жоғалтқаны мәлім. Мәжілісмендер үкімет мүшелерінен жалған ақпарат беруден арылуды сұрады.

Мәжілісмендердің алдында есеп берген премьер-министрдің орынбасары Тоғжанов халықтың табысын арттыруға арналған шараларын тізбектеп шыққан еді. Жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, жаңа кәсіпорындар құру,бизнесті дамыту,жастарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, барлық әлеуметтік міндеттерді орындау бойынша жоспармен таныстырды. Енді үкімет жаңа бюджетті нақтылауда инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексацияламақ. Бұған 111 миллиард теңге қарастырылған дейді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Алайда, зейнетақының 4 пайызға артуы теңізге тамған тамшыдай.

Жалпы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджеттен 4 триллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге артық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.