Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАХТАДАҒЫ АПАТҚА КІМ КІНӘЛІ?

c 15:08, 10/01 c 29

0:00 / 0:00

Еске сала кетейік, өткен жылдың еншісіндегі қайғылы жағдайдың бірі- «Костенко» шахтасындағы апат болды. Нәтижесінде 46 адам қаза тапты. Елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Жарылыс кезінде жан тапсырған кеншілердің мүрдесін іздеу жұмысы бірнеше күнге созылып, марқұмдардың мәйітін тану үшін днқ тест алуға тура келген еді. Осы апаттан соң ел билігі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бұрынғы басшсы Лакшми Митталмен ынтымақтастық тоқтатты. Аталмыш компанияның атауымен бірге, иесі де өзгерді. Қазір «Қармет» отандық олигарх Андрей Лаврентьевтің қолына өткенін білесіздер. Ал 46 кеншінің өмірін қиған апатқа кім кінәлі? Қазақстан ол үшін бұрынғы иесі Лакшми Митталды жауапқа тарта алмады. Бұл халықарлық деңгейдегі дау болар еді. Костенко шахтасындағы апаттан соң 2,5 айдан соң ғана журналситердің алыдна шығып тұрған Төтенше жағдайлар министрі Шәріпханов «Костенко» шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін жауапты басшылардың атын атады. Ол апатқа кінәлі қарапайым қызметкерлер емес – инженерлік-техникалық ұжым. Бұл – жауапты басшылар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді. Сот олардың кінәсін анықтайды деді.

СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ – ҚР ТЖМ «Мен 28 адамның атын түгел айта алмаймын. Жауапты жазбаша түрде берейік. Бірақ тізімде АрселорМитталТеміртаудың Бас директоры Яблонский, Ұжым жөніндегі директор Винокурова, Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый және оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар».

Одан әрі брифинг барысында тілшілерді елдегі өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақ мазалады. Тек өткен жылдың өзінде 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өрт, ата-ана қарауынсыз қалып, тілсіз жаудың құрбаны болған балалардың қасіреті, орман өрті тағы бар. Құтқарушылар бұған дейін бизнесті тескеруге мүмкіндік бермеген мораторий күшін жойды. Енді тексерісті күшейтеміз деп отыр. Парламент өрт қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпорындардың жұмысын екі айға тоқтатуға мүмкіндік беретін бапты қарап жатқан көрінеді. Осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап елдегі кәсіпкерліктер түгел тескеріліп, өрт қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпорындарды жауып тастаймыз деп күшейіп отыр төтеншеліктер. Айыппұл да өспек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.