Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕНАТОРЛАР ТАЛАБЫ

c 08:19, 21/01/2022 c 1480

0:00 / 0:00

Бейбіт шеруге шыққандар қаңтар трагедиясының құрбаны болып кетпесін. Сенатор Ләззат Сүлейменова Үкіметке жолдаған сауалында осындай талабын алға тартты. Елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден соң түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін қазір 2 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл адамдардың ішінде бейбіт митингке қатысушылар, жаппай тәртіпсіздік жасаған бұзақылар, ұрлықшылар, содырлар тобы нақты анықталып, барлық кінәсі мен жазасы қылмыстық-әкімшілік заңнамаға сәйкес нақты белгіленуі тиіс. Яғни бейбіт адамдардың әділетсіздік құрбанына айналуына жол берілмеуі керек деді сенатор ханым. Ал депутат Ақылбек Күрішбаев, елімізде орын алған қайғылы оқиғалардың қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер салдарынан туындағанын атап өтті.Бұл орайда ауыл ауыл халқының табысын арттыру қажет деді.

Сенаттың жалпы отырысында үкіметке жолданған депутаттық сауалдар легі қаңтар трагедиясымен байланысты болды. Халықтың бас көтеріп, наразылық білдіруі қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерден туындады дейді сенатор Күрішбаев. Депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан ауыл халқының кірісін арттыруды, ауыл проблемаларын шешуді талап етті. Себебі, қазір ауылдықтардың табысы 35 мың теңгеден аспайды. Мұндай ақшаға қазіргі қымбатшылық кезінде күн көру мүмкін емес.

Сенатордың айтуынша, жылдан жылға ауыл халқының қалаларға қоныс аударуы артып отыр. Тек 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 880 мың адам көшкен. Еңбекке жарамды халықтың 41 пайызы қалаға келіп, тұрғысы келеді. Ауылда жұмыс жоқ болған соң, азаматтар қалаға келіп тиын-тебен табуға мәжбүр. Бұл орайда депутат үкіметке жұмыс істемей тұрған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын қайта қарауды ұсынды. Ауыл жастарының жоғары білім алуына қолдау жасап, жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде шеруге шыққандардың ішінде жұмыссыз жүрген ауыл жастары да көп болды дейді сенатор. Өз кезегінде депутат Ләззат Сүлеймен бейбіт шеруге шыққандар «Қасіретті қаңтар» оқиғасының құрбаны болып кетпесін деген талабын алға тартты. Оның да сауалы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолданды. Сенатор озбырлық пиғылымен мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған бүлікшілердің толық анықталып, жазалануы тиіс. Ал бейбіт адамдардың әділетсіздік құрбанына айналуына жол берілмеуі керек деді. Сондай-ақ, барлық ақпараттың ашық болуын талап етті.

Өздеріңізге мәлім, Бас прокуратура қасіретті қаңтар оқиғасында 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.