Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенаторлар сұрауы

c 20:56, 01/10/2020 c 451

0:00 / 0:00

Парламент Сенатының депутаттары үкіметтен ауыл шаурашылығын дамытуға кедергі болып отырған мәселелерді реттеуді сұрады. Президенттің Жолдауында  «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қаблетті экономика құру мүмкін емес» деп атап айтылғанды. Бірақ, іс жүзінде басқаша жағдай қалыптасуда. Шаруаларға  берілетін субсидиялау ережелерінде мал бордақылау орындарындағы бір мезгілде тұратын мал басының көп мөлшерде болу талабы негізсіз дейді сенатор Дүйсембаев. Ол Үкімет басшысына жолдаған сауалында, бордақылайтын мал басынан бес мыңнан төмедетуді сұрады.

Агрария саласын дамыту басты міндет. Отандық азық-түлік тауарларының өндірісін арттыру,  ауыл тұрғындарының табысын өсіру,агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру мақсаты тұр. Алайда, бұл мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылық саласындағы бизнеске көп кедергілер жасалуда. Қазақстандық шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің  талабы бойынша,  мал бағып, етін өңдеушілерге субсиядия беру үшін, борақылаудағы мал басы 5000 құрау керек . Алайда, бұл талап негізсіз дейді сенатор Дүйсембаев. Мұны кіші шаруашылық түгілі, ірі шаруалар еңсере алмайды.Ал мал бордақылаумен айналысып отырғандардың мал саны талапқа сай болмаса, мемлекеттік қолдаудан қағылады.

Депутат еліміз бойынша жаңа дамып келе жатқан кіші шаруашылықтарды көтеру үшін таза, сапалы ет өнімдерімен қамтуда бордақылау алаңдарындағы бір мезгілде тұратын мал санын төмендету қажет деп отыр. Олай болмаса, малшылардың кәсібі тоқтап қалады. Ал сенатор Нұрлан Бекназаров бастаған депутаттық топ, жер қойнауын пайдаланудың жаңа ережесіне күмән келтіріп отыр. Елде шетелдік инвесторларға жер қойнауын пайдалануға сатып жатқан делдалдар жұмыс істеп жатыр. Мұнай-газ саласындағылардың әрекетінде ашықтық жоқ дейді сенаторлар. Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға арналған электронды аукциондар өткізу ережесін бекітті. Алайда, 2,5 жыл бойы бұл салада байқаулар өткізілмеген.

Осыған орай, депутаттар үкімет басшысынан табиғи ресурстарды пайдалануға берудің электрондық аукциондарын өткізуге сарапшылар мен қоғамдық бақылаушыларды тартуды сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.