Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕНАТОР МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫН ҚАЙТА ЖАЗЫП ШЫҒУДЫ ҰСЫНДЫ

c 20:42, 12/01 c 56

0:00 / 0:00

Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы, батыл жауынгер, стратег және қолбасшы – Жошы ханның таққа отыруының 800 жылдығын атап өту туралы ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында берген сұқбатында айтқанды. Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайда ақын жазушы Қазыбек Иса «Жошы хан - Алтын Орданың атасы, бүкіл Қазақ хандарының бабасы ғой!» -деген пікірін жеткізгенді. Ұлытау өңірінде Жошы хан кесенесі жаңартылғаны мәлім. Тарихта Жошының өліміне қатысты деректер де әрқилы. Бірі аңшылықта өлді десе, енді бірі улап өлтірген деген пайымдарды алға тартады. Депутаттар биыл Қазақстан тарихының көптомдығын шығару барысында, мектеп оқулықтарын да қайта жазып шығуды ұсынып отыр. Оқулықта Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс деді сенатор Дархан Қыдырәлі. Бұл ұсыныс үкіметке жолданды.

Бұл орайда депутат қазіргі оқулықтарда кейбір тарихи оқиғалардың тым қысқа көрсетілгенін айтты. Мысалы, 6-7 сыныптарға арналған оқулықта Талас құрылтайы өткен Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне бір параграф, ал 10-шы сыныпқа арналған оқулықта төрт-бес жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі деді ол. Ал биыл елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Ақпараттық қолдау көрсетіп, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну қажет дейді сенатор. Той – тойлау үшін емес, ой ойлау үшін қажет десек, Жошы ұлысының 800 жылдығы ұлы дала өркениеті мен мемлекеттілігіміздің түп-тамырын жаңаша пайымдау және насихаттау арқылы тарихи сананың орнығуына оң ықпал етері анық деп тәмамдады сауалын Қыдырәлі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.