Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат сайлауы

c 09:26, 14/07/2020 c 649

0:00 / 0:00

Сенаторлыққа үімткерлерді ұсыну аяқталды. Бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы  Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы мәлімдеді. Комиссия отырысында облыстардың, елорданың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының есебі тыңдалды. Республика бойынша сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылды.

Осылайша, Парламенттің жоғарғы палатасына депутат болуды армандаған үміткерлер мандатқа таласады. сенатордың бір мандатына  орташа есеппен 5-тен астам үміткер келеді. Бұл жолғы сайлауда Алматы облысынан,  Нұр-Сұлтан,  Алматы қалаларынан 8-9 кандидаттан  ұсынған, ал Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен  Шымкент қаласы  4 үміткермен қанағат тұтып отыр екен.

Комиссия төрағасы Имашевтің айтуынша сайлау науқанында сенатор болуға ниетті  әйелдердің саяси белсенділігі артқан.

Әдетет сабырлы сенаторлар қатарын көп жылдар бойы тәжірибе жинап, лауазымды қызметте болған салиқалы азаматтар құрап жатады. Бұл жолы  үміткерлер жасарыпты. Кандидаттардың орташа жасы 51 жасты құрап отыр. Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында жетпісті алқымдап қалғандар да бар екен. Сенатор болуға үміттеніп отырғандардың ішінде инженер, экономист, педагог, заңгер, ауыл шаруашылық саласының маманы, дәрігер, журналист әрине саясаттанушы да бар. Тіпті, бүгінгі күні қызмет атқарып жатқан 4 сенатор өз кандидатураларын қайта  ұсынған.Орталық сайлау комиссиясы ендігі 62 кандидатты тіркеуден өткізді.  Айта кету керек сенат депутаттығына ұсынылып отырған 94 үміткердің тізімінде өкпенің қабынуынан қайтыс болған  Алматы облысы әкімінің орынбасары марқұм  Серікжан Бескемпіровтің де фамилиясы жүр. Комиссия тіркеу барысында марқұмды үміткерлер тізімінен алып тастайды. Елдегі сайлау науқанында  Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу шілденің 23-не дейін жалғасады. Сенаторлар маслихаттармен сайланады. Сенат сайлауы 12 тамыз күні өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.