Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат мәжіліске митингілер туралы заң жобасын қайтарды

c 16:06, 14/05/2020 c 448

0:00 / 0:00

Сенат мәжіліске митингілер туралы заң жобасын қайтарды. Депутататр ірі қалаларда митингілер өткізу үшін кемінде үш орынды анықтауды ұсынды. Сонымен қатар, митинг қатысушылары адамды тануға кедергі келтіретін киім киюге болмайды деген норманы алып тастау керек деп есептейді. егер шерулерді өткізу, көліктің қызметіне кедергі келтірсе, сондай-ақ митингілерге қатыспайтын адамдардың еркін жүріп-тұруына қиыншылық тудырса, оларды өткізуден бас тарту керек деген негіздемені де алып тастау ұсынылды.

Заң жобасы азаматтық қоғам өкілдерінің және құқықтанушылардың наразылығын тудырды. Заң талаптары жеңілдетіледі деп хабарлансада керісінше заң күшейтілетін болып шықты. Мысалы, егер бұрын митинг өткізугке рұқсат өтінішін 10 күн бұрын беру керек болса, қазір – 15 күн бұрын рұқсат сұрау керек. Бұдан басқа, "бейбіт акцияларды" ұйымдастырушыларға қойылатын талаптар қатаңдатылды. бетіңізді жасыруға болмайды дейді билік өкілдері. Яғни, адамдар медициналық бетпердемен шеруге шықса онда олар  экстремис деп танылуы мүмкін, ал жиынды осы себеппен таратып жіберуге болады. Сенаторлардың пікірінше бұл дұрыс емес.

Билік демократия нышаны ретінде, мәслихаттардың шеру өткізуге мүмкіндік беретін арнайы орындарының екі мәрте ұлғаюын көрсетіпті. Бірақ, құқықтанушы Жовтис атап өткендей, халықаралық стандарттарға сәйкес, азаматтар кез келген қолжетімді жерлерде пикеттер өткізуге құқығы болуы тиіс, ал мемлекет, өз кезегінде, бейбіт жиналыстарға тыйым салынуы мүмкін орындардың тізбесін анықтай алады. Мысалы қауіпті өндірістер, қорғаныс кәсіпорындары және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін орындар. Сенаторларда солай есептейді.

Митингілер туралы Заң жобасында айтылғандай шеру ұйымдастырушылары билікті шеру туралы тек хабардар етуі тиіс. Алайда, құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл тек басқаша деп аталатын рұқсат беру тәртібіне ұқсайды. Егер сіз митингке 250 адамнан кем адам жинасаңыз, онда рұқсат алу қажет емес делінген. Бірақ адамдар әдетте бұдан көп жиналады емес пе. Қазір митинг өткізу үшін ұйымдастырушыларға әкімдіктердің рұқсатын алу қажет. Әдетте белсенділер рұқсатсыз шеру өткізеді. Бірақ оның аяғы қамау мен айыппұлмен аяқталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.