Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайға жаяу

c 12:04, 17/04/2018 c 892

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы саяжай маршруттары өз жұмысын 18ші сәуірден бастайды. Бұл туралы қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары хабарлады. Алайда, қоғамдық көлік жүргізушілері кейбір жолдардың әлі кеппегенін айтып налиды. Сол себепті де коммуналдық қызметтегілер жол-тораптарды ертеңге дейін әзірлеуі тиіс.
15 сәуір - саяжай маусымының ресми ашылу күні. Алайда қазір қала сыртында шаруашылығы бар тұрғындар саяжайға дейін өз күштерімен жетуде. Жолаушы тасымалдаушылар ауа райының қолайлануын күтіп отыр. Саяжай бағытындағы көліктерге субсидия бөлу мәселесі де әлі шешілмей тұр. Тасымалдаушы мекеме басшылығының айтуынша, шығыны көбі де дәл осы маршруттар екен.

Александр Баклан
"Уралтехсервис" ЖШС директоры

біз саяжайшылар қауымдастығы төрағаларымен байланысымызды үзбейміз. олар бізге мамыр айына жақындап, жер кепкен кезде барыңдар деген болатын, қазір балшық кеппеген. біз олармен үнемі байланыстамыз

Мына жолмен 23ші маршрут жүреді. Бірнеше километр жолдың айқұш-ұйқышы шыққан. Саяжайшылар бұл жердің жылына бір-екі рет грейдерің көмегімен тегістелетінін айтады. Ал басқа уақытта, соқпақ сол күйінде ұмыт қалады.

Андрей Бойцов
Саяжай қауымдастығының төрағасы

Жол бұрын қалай болды, дәл солай қалды. Айқұш ұйқыш, көліктерге қиын. Көпір де, жол да жоқ.

Қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарының айтуынша, саяжай бағытындағы автожолдар бүгінде тексерістен өтіп, қоғамдық көлік жұмыстарына рұқсат берілген.

Нұрсәуле Хамзина
Қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

2018 жылдың 18 сәуірінен бастап, барлық саяжай бағытындағы қоғамдық көліктер жүретін болады. 50-04-02 нөміріне хабарласып, барлық мазалаған сұрақтарыңызды қоя аласыздар. сондай ақ көлік бағыты мен тізімі қалалық әкімдік сайтында да жарияланады.

Алайда, «учужный затон» саяжайы мен Барбастауға дейін баратын көліктер арасында байқау әлі өткен жоқ. Соның салдарынан саяжайшыларға тағы біраз амалдауға тура келеді.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.