Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси заңдар

c 19:36, 08/04/2020 c 390

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі  "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат сенаттың қарауына  жолданып отыр.

Заң жобасына сәйкес, енді бейбіт жиындар арнайы белгіленген орындарда өтеді. Бұл орындарды жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Мәжілістің онлайн жалпы отырысында қаралған заң жобасына енгізілген өзгерістердің бірі- енді бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтар жергілікті билікке алдын ала хабар берсе жеткілікті. Бұрынғыдай әкімдіктен рұқсат алудың қажеті жоқ.Заң жобасына сәйкес, жергілікті атқарушы орган хабарландыруды алғаннан кейін, бейбіт жиынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Егер бейбіт жиын заңға қайшы болса, онда әкімдік оған тыйым салуға құқылы.

Қазақстан қоғамы көптен күткен митинг туралы құжат бүгін Мәжілістің сүзгісінен өтті. Бұл заң жобасы бұрынғы құжаттан айтарлықтай өзгерді десек болады. Өздеріңізге мәлім митинг өткізуге қатысты заңды түбегейлі өзгерту мәселесі ұлттық қоғамдық кеңесте қызу талықланған болатын. Президенттің тапсырмасымен енді жаңа құжат Парламент қабырғасында қаралды. Мәжіліс жобаны бүгін екінші оқылымда қарап, талқылап, мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.

Заң жобасына сәйкес,  жиын өтетін орындарға бірқатар талап қойылған. Олар қала мен ауылдың орталық бөлігінде орналасуы керек. Митингіге жиналғандардың талаптарына қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Жобамен түбейлі жұмыс істеген жұмыс тобы

бейбіт жиналыстарға тыйым салатын және оны тоқтататын негіздердің толық тізбесі бекітті дейді депутат Мусин. Митингіні Үкімет, Парламент ғимараттарының алдында өткізуге болады. Тиым салынған тізімде бұл органдар жоқ.

Қанат Мусин – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Бұдан бөлек, пикет түріндегі бейбіт жиындарды тек арнайы орындарда емес, басқа жерде де өткізуге рұқсат беріледі.  Тек заңмен тыйым салынған орындарда ғана пикет ұйымдастырылмайды. Мұндай орындардың толық тізімі жұмыс тобының жаңадан енгізген бабында көрсетілген. Осы тұста бұл тыйым салынған тізімде үкімет пен парламентті қоса алғанда, бірде-бір мемлекеттік орган жоқ»

Сондай-ақ, бейбіт жиын өткізу үшін әкімдікке алдын ала хабар берсе жеткілікті.

Қанат Мусин – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Енді бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтар жергілікті билікке алдын ала хабар берсе жеткілікті. Бұрынғыдай әкімдіктен рұқсат алудың қажеті жоқ.Жергілікті атқарушы орган хабарландыруды алғаннан кейін, бейбіт жиынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Егер бейбіт жиын заңға қайшы болса, онда әкімдік оған тыйым салуға құқылы».

Депутта Мусиннің айтуынша, бейбіт жиындар туралы хабар берудің мерзімі де едәуір қысқарды.  Митинг немесе пикет өткізу үшін билікке бес күн бұрын хабарлау қажет. Әкімдіктер үш күнде жауап беруі тиіс. Бұрын 15 күн болатын. Мұнымен қоса, мәжіліс  митингке қатысушылар саны әу баста жоспарланған адам санынан асып кетсе, бейбіт жиынды мәжбүрлеп тоқтату туралы бапты өзгертті.Ең бастысы шеруге қатысушылар мен көшедегі басқа адамдардың өміріне қауіп төнбесе болғаны.  Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында қаралаған саяси маңызды құжат -Қазақстандағы сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізу болды. Мәжіліс жұмысқа алған бұл екі заң жобасын  27 қарашаға дейін қарап, талқылап, қортынды әзірлейтін болады. Бұл мәселе де ұлттық қоғамдық кеңестің талқылауынан өткенді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында оппозициялық парламент  қажеттігін, саяси партиялардың  жоғарғы заң шығарушы органда көбірек болуын тапсырғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.